Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКАДАҒЫ АРАЛАС ФАРМАКОТЕРАПИЯНЫҢ ДӘРІЛІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бұл зерттеудің мақсаты статиндердің басқа дәрілік заттармен жағымсыз комбинацияларының жиілігі мен тағайындау құрылымын талдау болды. Р450 цитохромы CYP3A изоферменттерінің және Р-гликопротеин мен ОАТР 1в тасымалдаушы ақуыздардың тасымалдау жүйелерінің метаболизм деңгейінде және ықтимал қауіпті және маңызды дәрілік комбинацияларды анықтау үшін олардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін ескердік Материалдар мен әдістер. Зерттеуге зертханалық әдістермен расталған гиперхолестеринемиямен бірге жүретін жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылған адамдардың медициналық жазбалары енгізілген. Барлығы біз 2790 амбулаториялық пациентті талдадық. Семей қаласының (Қазақстан) 14 медициналық мекемесінде дәрілік өзара әрекеттесулердің таралуы мен құрылымы зерттелді (фармакоэпидемиологиялық, көлденең зерттеу). Нәтижелер. Статинмен емделген науқастардың көпшілігінде (62%) жағымсыз және қауіпті комбинациялардың болуы анықталды. Статиндерді аса сақтықпен және биохимиялық және т.б.көрсеткіштерді бақылауға алу ұсынылған кезде ,қауіпсіздікті бақылау жүргізуде 72.5% жағдайда табылмады. Қорытынды. Біз статиндердің CYP3A, OATP1B1 және P-гликопротеин деңгейінде бәсекелестік метаболизмі бар басқа препараттармен жағымсыз комбинацияларын абсолютті түрде және дамыған елдерде жүргізілген зерттеу деректерімен салыстыра отырып тағайындаудың өте жоғары жиілігін анықтадық.
Көрген адамдардың саны: 162

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Тулеутаева Р.Е., Махатова А.Р., Қасымқан А.Е., Жұматай А.Б., Какытаева А.Е. Кардиологиялық практикадағы аралас фармакотерапияның дәрілік ө зара әрекеттесу мәселелері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б. 42-48. doi 10.34689/SH.2023.25.4.005

Авторизируйтесь для отправки комментариев