ИНТРА-ЭКСТРАКРАНИАЛЬДЫ АРТЕРИЯЛАРДЫҢ АТЕРОСКЛЕРОТИКАЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ КЕЗІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯҒА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ АСҚЫНУЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
Кіріспе. Артериялық гипертензия, холестериннің жоғары денгейі, қандағы қант денгейі, темекі шегу және егде жас атеросклеротикалық ишемиялық инсульт пен транзиторлы ишемиялық шабуылдың қауіп факторлары болып табылады. Атеросклеротикалық ишемиялық инсульттің себептері ретінде қарастырылатын басқа қауіп факторлары растауды қажет етеді: семіздік, физикалық белсенділіктің болмауы, психоәлеуметтік факторлар, тамақтану үрдісі. Интра-экстракраниальды тамырлардың атеросклеротикалық ауруларын емдеудің хирургиялық стандарты эндоваскулярлық стенттеу және каротидті эндартерэктомия болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты операцияға дейінгі және кейінгі асқынулардың негізгі қауіп факторларын анықтау және интра-экстракраниальды артериялардың атеросклеротикалық зақымдануылары бар науқастарды хирургиялық емдеуге дұрыс таңдау критерийлерін анықтау болды.
Әдістер. 2016 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде Алматы қаласының "Орталық клиникалық аурухана" АҚ-ның базасында нейрохирургия бөлімшесінде экстра- және интракраниальды артериялардың атеросклеротикалық зақымдануын операциямен емделген 725 науқастың деректеріне ретроспективті талдау жүргізілді. Негізгі топқа атеросклеротикалық түйіндіктердің интракраниальды орналасқан 212 науқастар, ал бақылау тобына атеросклеротикалық түйіндіктердің экстракраниальды орналасқан 513 пациент кірді.
Нәтижелер. Операцияға дейін атеросклероз кезінде асқынулардың дамуын болжаушылар анықталды: ЖИА болуы бас қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы даму мүмкіндігін 4,882 есеге (95% СИ: 3,313 – 7,194), темекі шегу 2,659 есеге (95% СИ: 2,151-3,288), қант диабеті 1,2 есеге (95% СИ:0,868-1,648), гиперхолестеринемия 1,248 есеге (95% СИ:1,099 – 1,416), гипертониялық криз 1,04 есеге (95% СИ: 1,000-1,085) арттырады.
Қан тамырларының экстракраниальды зақымдануы асқынулардың дамуымен кері байланыста болды. Қант диабетінің болуы операциядан кейінгі асқынулардың (стент тромбозы) даму мүмкіндігін 3,870 есеге арттырды (95% СИ: 0,959 -15,614).
Қорытындылар. Келесі қауіп факторлары: темекі шегу, қант диабеті, гиперхолестеринемия, гипертониялық криз және 60 жастан асқан болған жағдайда, алдын-алу шараларын және емдеуді (әсіресе интракраниальды артериялық зақымдануды) мұқият бақылау қажет. Жоспарлы атеросклерозды емдеу операциясынан бұрын қандағы қант деңгейін тұрақтандыру терапиясына қатысты эндокринологтың ұсыныстары қатаң орындалуы қажет.
Көрген адамдардың саны: 150
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Саршаев М.А., Бердіходжаев М.С., Турдалиева Б.С., Танбаева Г.З., Маханбетхан Ш.Ш., Жумабеков А.Қ., Лупежова А.Д., Баймуратова М.А., Мусабеков М.Г., Сулейманкулов Н.А., Суйеумбетов Д.Ш., Лактионова М.В. Интра-экстракраниальды артериялардың атеросклеротикалық зақымдану кезіндегі операцияға дейінгі және кейінгі асқынулардың негізгі қауіп факторлары // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б.67-76. doi 10.34689/SH.2023.25.4.008Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА