Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ДИФФУЗДЫ-ТОКСИКАЛЫҚ ЖЕМСАУДЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
Бұл мақалада диффузды - токсикалық жемсауды хирургиялық емдеудегі мәселелер және операциядан кейінгі ерте және кеш кезеңде асқынулары туралы қарастырылады. Жоғарыда аталған асқынулар хирургтарды хирургиялық емдеудің оңтайлы әдісін табуға мүмкіндік туғызады. Жұмыстың мақсаты: диффузды-токсикалық жемсауы бар науқастарды хирургиялық ота нәтижелерін саралап қолдану арқылы ем нәтижелерін жақсарту Зерттеу материалдары мен әдістері: Мақалада "Семей медицина университеті" КЕАҚ Университеттік госпиталы хирургиялық бөлімшесінде 2016 жылдан бастап 2021 жылдың қыркүйегіне дейін диффузды-уытты зобы бар 70 науқасқа операция жасалды, науқастардың жасы 21-ден 62 жасқа дейін аралығын қ амтыды. Пациенттердің орташа жасы 36±8 болды. Олардың ішінде 56 (80%) әйел 14 (20%) ер адам. Барлық науқастар 100% еңбекке жарамды жаста. Хирургиялық емдеудің әртүрлі әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері, сонымен қатар хирургиялық емдеудің ұзақ мерзімді нәтижелеріне және науқастардың өмір сүру сапасына талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері: операциядан кейінгі ерте кезеңде келесі асқынулар анықталды: 1 науқаста (1,9%) дыбыс байламдарының парезі, 3 науқаста (5,8%) қан кету белгілері, 1 науқаста тиреотоксикалық криз 3 (5,8%). Бұл асқынулар эндокринолог, анестезиолог-реаниматолог, лор-дәрігерлерімен бірге тоқтатады. Өлім жағдайы тіркелген жоқ. Қорытынды: біздің тәжірибемізде біз бұл әдісті дәстүрлі хирургиялық араласусыз толық қалпына келген 18 (25,7%) науқасқа жасадық. Өлім болған жоқ.
Көрген адамдардың саны: 276

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Мұқаш Е.Ә., Дюсупов Алт.А., Булегенов Т.А., Әуенов М.Ә., Абдрахманов С.Т., Жариков А.Н., Корганбаева Г.А.. Орынбасаров Ш.О. Диффузды-токсикалық жемсауды хирургиялық емдеу нәтижелерін жақсарту жолдары // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б. 77-85. doi 10.34689/SH.2023.25.4.009

Авторизируйтесь для отправки комментариев