ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ КОЛИТ ПАТОГЕНЕЗІНІҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кіріспе. Ойық жаралы колитке жататын ішектің қабыну ауруларының (IҚА) өзектілігі аурудың еңбекке қабілетті жастағы адамдар арасында таралуына, созылмалы қайталанатын прогрессивті ағымға, ішек қабырғасының деструктивті қабынуының дамуына қалыпты емес иммундық жауаптың үлесіне байланысты. Туа біткен және адаптивті иммунитеттің компоненттерін, соның ішінде ойық жаралы колиттегі минорлы лимфоциттерді қамтитын IҚА иммундық механизмдерін түсіну олардың созылмалы қабынуды дамыту мен сақтаудағы патогенетикалық рөлі туралы түсініктерін кеңейтеді.
Материалдар мен әдістер:. Зерттеу нысаны Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігінің (ШҚ ОМО) проктология және абдоминальды хирургия бөлімшесінің базасында тоқ ішектің қабыну аурулары бар науқастар болды. Зерттеу бақылау, аналитикалық, "іс-бақылау" болып табылады, зерттеу тобы үшін үздіксіз. Миноұрлы лимфоциттерді қосумен иммунологиялық көрсеткіштер зерттелді: моноклоналды антиденелер арқылы перифериялық қан лимфоциттерін иммунофенотиптеу, ИФА арқылы IgA, IgM, IgG концентрациясын анықтау, өздігінен және ынталандырылған НСТ сынағы кірді.
Статистикалық есептеулер Statistica 5.0 және Microsoft Excel нұсқаларының бағдарламалық пакеттері арқылы жүргізілді. Сондай - ақ, StatTech (Статтех) h v. 1.2.0 (әзірлеуші-ЖШҚ "Статтех", Ресей) жаңа статистикалық бағдарламасының көмегімен зерттеу топтарында тәуекел факторының коэффициенттерін есептеу жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері CD4+Т-лимфоциттермен қатар, цитотоксикалық белсенділігі бар лимфоидты жасушалардың, ойық жаралы колиттің патогеніне қатысуын көрсетеді, оның ішінде: СД8 + Т-лимфоциттер, қабынулық бағыты бар Т-NK. Ойық жаралы колит кезінде зақымдану және созылмалы қабынудың сақталу механизмдеріне фагоциттеуші жасушалардың оксидазалық жүйелері белсенді оттегі түрлерін (ОБТ) және макрофагтық қабынуды шақыратын цитокиндерді шығарумен қорғаудың спецификалық емес факторлары да қатысады.
Қорытындылар. Ойық жаралы колиттегі иммундық жүйенің факторларын жан-жақты зерттеу созылмалы қабыну патогенезіне қатысатын иммунологиялық механизмдерді түсінуге мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 3307
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Жетписбаева Х.С., Адрисова К.С., Жетписбаев Б.А., Иманбаева Н.Д., Аскарова К.М. Ойық жаралы колит патогенезінің иммунологиялық аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б.118-126. doi 10.34689/SH.2023.25.4.014Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ