Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БУЫНІШІЛІК ПИЛОН СЫНЫҚТАРЫ ЕМІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ. РЕТРОСПЕКТИВТІ КӨЛДЕНЕІ ЗЕРТТЕУ.
Өзектілігі. Сирақтың буынішілік пилон сынықтары (үлкен жіліктің дистальды метаэпифизінің) өте сирек кездеседі, сонда да травматологтар үшін үлкен қиыңдық туғызады, себебі олардың емі оңай емес және көпфрагментарлы сынық түрлерінің асқынуларының жиілігі жоғары болып келеді. Бұл зерттеу буынішілік пилон сынықтарының эпидемиологиясы мен біздің тәжірибеміздегі емдеу нәтижелерін анықтауға арналған. Әдістері. Біздің зерттеу үлкен жілік сүйегінің буынішілік сынықтары бар науқастарға көмек көрсетілетін Шығыс Қазақстан облысынын 3 ауруханасында жүргізілді. 2013-2019 жж. аралығында стационарлық ем алған барлық ересек науқастар зерттеуге кірістірілді. Барлығы 151 науқас ауруханаға жатқызылған, олардың ішінде үшеуі екі аяқтың жарақатымен болды (154 аяқ). Нәтижелері. Үлкен жілік сүйегінің буынішілік пилон сынықтары жиі ер адамдарда кездескен (64,9%), жарақаттын басым механизмы тобық буынындағы жартылай шығу болды (53,2%). Ең кең таралған емдеу әдісі Илизаров апараты болды (22,1%), екінші орында пластинамен сүйекүстілік остеосинтез болды (18,9%). Бірақ науқастардың жартысына ота кешіктіріліп жасалған. Біздің зерттеудегі сынықтардың 20%-ы гипстык таңғышпен консервативті емделген. Операциядан кейінгі жараның іріңдеуі сияқты асқынулар ашық орнына келтіру мен пластинамен сүйекүстілік остеосинтезінде байқалды, ал Илизаров аппаратымен емдеу кезінде сынық бөліктерінің екіншілік ығысуы жиі байқалды. Тұжырым. Емделіп шыққан науқастарды зерттеу нәтижелері негізінде Қазақстанда үлкен жілік сүйегінің буынішілік пилон сынықтары емінің госпитальдық деңгейде жаңғыртылуы қажет екені анықталды.
Көрген адамдардың саны: 473

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Аубакирова С.К., Жанаспаев М.А., Мысаев А.О., Проказюк А.А., Мусабеков А.С., Тлемисов А.С., Атудинов М.Ж. Буынішілік пилон сынықтары емінің нәтижелері. Ретроспективті көлденеі зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б.146-152. doi 10.34689/SH.2023.25.4.018

Авторизируйтесь для отправки комментариев