ЖҰЛЫН АНЕСТЕЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ, ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕТИКТЕРДІ ЖЕТКІЗУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АЯҚ-ҚОЛДАРДАҒЫ БІРЖАҚТЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АУЫРСЫНУЫН БАСҚАРУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ СХЕМАСЫ
Кіріспе. Бүгінгі таңда көптеген әдебиеттерде жұлын анестезинясын орындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштер, жүргізу техникасы, оны дұрыс орындау үшін қажетті құрал-жабдықтар туралы көлемді мәліметтер бар. Анестезияның осы түрімен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында,анестезияның осы түрін жүйелі түрде жүргізетін және субарахноидальды пункцияның әртүрлі асқынуларымен және жергілікті анестетикті енгізумен барлық жерде кездесетін мамандарға қабылдаудың толықтығы үшін және ЖА-ның техникалық сәттерін оңтайландыру үшін аймақтық анестезияның, ЖА жүргізуге арналған құрал- жабдықтардың даму тарихын білу,сонымен қатар қазіргі заманғы анестезиялардың жаңа түрін білу пайдалы болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Жұлын анестезиясының дамуы туралы өзекті мәліметтерді алғашқы деректерден бастап, ЖА-ның ең озық әдістеріне дейін, жұлындық инелерінің даму тарихын, жұлын пункциясы техникасымен байланысты ықтимал асқынуларды, сондай-ақ анестезиологиялық құралдың ең қауіпсіз және тиімді әдістеріне негізделген таңдауды көрсететін әдебиеттерге талдау жүргізу.
Іздеу стратегиясы. Бұл зерттеуге PubMed, Embase, Scopus, Web of Science, e-library және cyberleninka сияқты ең өзекті дерекқорлардан алынған жариялымдар қарастырылады. Негізгі терминдерге кірді: аймақтық анестезия, жұлын анестезиясы, бір жақты жұлын анестезиясы, жұлын анестезиясының инесі, электроневростимуляция. Іздестіру барысында негізінен 10 жылға дейінгі, бірақ ғылыми маңызы бар жұмыстар да болды. Бастапқы қарастыру нәтижесіне сәйкес 113 мақала табылды, олардың 76-сы шолу үшін таңдалды.
Нәтижелер мен қорытындылар. Жұлын анестезиясының ұсынылған шолу тарихында, жұлын анестезиясын ғылыми және клиникалық қолданудың ерте және кейінгі тәжірибесін біріктіреді. Жұлын анестезиясының алғышарттары мен алғашқы жағдайларының пайда болу тарихы, инелер мен жергілікті анестетиктердің әртүрлі түрлерін ойлап табу кезеңдері, сондай-ақ әртүрлі жұлын деңгейлеріндегі ЖА техникасының ерекшеліктері көрсетілген.
Мақалада келтірілген мәліметтер ауырсынуды басқарудың белгілі әдістеріне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, ал авторлар ұсынған жұлын анестезиясын модернизациялау жолдары анальгезияның стандартты болып көрінетін әдісінің әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді және оны ғылыми және клиникалық аспектілерде тереңірек жетілдіруге көмектеседі.
Көрген адамдардың саны: 381
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Мамыров Е.Д., Мамыров Д.У., Носо Йo., Сыздыкбаев М.К. Жұлын анестезиясының даму кезеңдерінің, жергілікті анестетиктерді жеткізу құралдарының және аяқ-қолдардағы біржақты операциялардың ауырсынуын басқарудағы заманауи тенденциялардың тарихи схемасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б. 200-212. doi 10.34689/SH.2023.25.4.025Ұқсас жариялымдар:
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ
КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯНЫ АЙНАЛЫП ӨТКЕН ПАЦИЕНТТЕРДІ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙ
ЖОҒАРҒЫ АСҚАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ ҚАН АСУЫН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЕМДЕУ.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕТІЛМЕГЕН ОСТЕОГЕНЕЗДІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ СҮЙЕКІШІЛІК ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ