АЯҚ ТАМЫРЛАРЫНА ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУ КЕЗІНДЕ АНЕСТЕЗИЯНЫҢ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ӘДІСІН ТАҢДАУ.
Кіріспе. Көктамырлардың варикоздық кеңеюі (КВК) тері астындағы тамырлардың, тері астындағы салалардың немесе аяқтың беткі тамырларын қамтитын үш немесе одан да көп миллиметрлік тұрақты түрде кеңейген көктамырлардың өзгерістерімен сипатталады. Негізгі КВК көріністеріне аяқтың шектеулі ыңғайсыздықтан, ісіну мен жазылмайтын терінің ойық жараларға дейін, кейде мүгедектікке әкелетін көріністер жатады. Бұл белгілердің көріну жиілігі мен ауырлығы, науқастың жасына және жынысына тікелей байланысты. Локализацияның жоғары өзгергіштігіне және көктамырлар желінің қатысу дәрежесіне байланысты бұл патологияны хирургиялық емдеу әдістері әртүрлі болып келеді. Соған сәйкес оларға тән оң және теріс қасиеттері бар анальгезия әдістерінің де ерекшеліктері бөлек болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Аяқ көктамырланының варикозды кеңеюінің таралуы, хирургиялық емдеу әдістері және анестезиологиялық құралдардың ең қауіпсіз және тиімді әдістерін таңдау туралы заманауи ой көрсететін және заманауи әдебиеттерге негізделген талдау жасау.
Іздеу стратегиясы. Жарияланымдарды іздеу: PubMed, Embase, Scopus, Web of Science, e-library және cyberleninka дерекқорларда жүргізілді. Негізгі сұраулардың қатарына келесі терминдер кірді: созылмалы веноздық жеткіліксіздік, варикозды тамырлар, флебэктомия, кроссэктомия, аймақтық анестезия, жұлын анестезия, эпидуральды анестезия, бір жақты жұлын анестезиясы. Іздеу тереңдігі 20 жыл болды, дегенмен, бұл тақырып бойынша жоғары ғылыми құндылығы бар бұрынғы жылдардағы еңбектері де кірді.
Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары. КВК операциялары кезінде ауырсынуды жеңілдету сапасының дәрежесі, оның ұзақтығы және пациент пен операциялық топ үшін жайлылық өте өзгермелі. Дуральды пункцияға байланысты асқынулардың саны, пациенттің қанағаттануы және анестезиядан кейін қалпына келтіру уақыты жұлын жансыздандырудың негізгі факторлар болып табылады. Біржақты жұлын анестезиясы (БЖА) сияқты заманауи әдістерді таңдау, жұлын анестезиясының көптеген жағымсыз әсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді, ал электрлік нейростимуляциямен толықтырылған БЖА, науқас қауіпсіздігін арттырады, және тек бір төменгі аяқтарын жансыздандыруға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 559
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Мамыров Е.Д., Мамыров Д.У., Джакова Г.Е., Носо Йo., Сыздыкбаев М.К. Аяқ тамырларына операция жасау кезінде анестезияның ең оңтайлы әдісін таңдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б. 213-223. doi 10.34689/SH.2023.25.4.0266Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
ANALYSIS OF ANTIBIOTIC PRESCRIBING PRACTICES IN PRIMARY HEALTH CARE SETTINGS. PART I
GENETIC SUSCEPTIBILITY TO RADIATION-RELATED DISEASES: A REVIEW OF CURRENT LITERATURE
ТЕНДЕНЦИИ ЗАБОЛЕВАЕМОСТИ ИНФЕКЦИОННОГО ЭНДОКАРДИТА ПОСЛЕ ОБНОВЛЕНИЯ МЕЖДУНАРОДНЫХ РУКОВОДСТВУЮЩИХ ПРИНЦИПОВ. ОБЗОР ЛИТЕРАТУРЫ.