Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ МЕН ТРАВМАТОЛОГИЯДАҒЫ СЕГІЗКӨЗ ДИСМОРФИЗМІ МӘСЕЛЕСІ: ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе. Бел омыртқасының сегізкөзге қосылуының анатомиялық ерекшеліктері жамбас сынықтарын, омыртқа деформацияларын және бел ауырсынуларын емдеуде маңызды рөл атқарады. Зерттеу мақсаты. Cакральды дисморфизмнің әртүрлі түрлері бойынша әдеби дереккөздерді талдау, олармен байланысты патологиялық жағдайлар, оларды диагностикалау және хирургиялық түзету Іздеу стратегиясы. Соңғы 10 жылда PubMed, Scopus, Web of Science, Embase дерекқорында ағылшын тілінде жарияланған әдеби дереккөздерді "sacral dysmorphism", "lumbosacral transitional vertebrae", "LSTV", "transitional lumbosacral vertebrae" кілт сөздерін пайдалана отырып іздеу жүргізілді. Іріктеу критерийлеріне сәйкес барлығы 131 басылым табылды, оның ішінде 32-і талдауға алынды. Нәтижелер. Сегізкөз дисморфизмнің түрлері бірнеше классификацияда сипатталған, олардың ішіндегі ең танымалы-Кастельви-Чан классификациясы (1984). Әртүрлі зерттеулердің авторлары сегізкөз дисморфизмі мен мықын-сегізкөз дисфункциясы және бел ауырсынуы арасында статистикалық маңызды байланыс бар екенін көрсетті. Рентгеноскопиялық бақылау арқылы тері арқылы илиосакральды бұрандамен бекіту жамбасты тұрақтандырудың тиімді әдісі болып табылады. Алайда, сегізкөз дисморфизмі кезінде бұрандаларды орналастыру мүмкін емес немесе өте қиын болады. Қорытынды. Жамбастың артқы жарты сақинасын бекітуге операция алдындағы жоспарлау кезінде дисморфты сипаттамаларды анықтау қажеттілігін ескеру керек, ал егер ондай бар болса, компьютерлік томографияны талдау арқылы ең қауіпсіз сүйек дәлізін таңдап, хирургиялық емге қажет құралдар жинағын дайындау керек. Сонымен қатар, қалыпты және дисморфты сегізкөзде сүйектің минералды тығыздығын S1 және S2 арасында талдау қажет.
Көрген адамдардың саны: 677

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Касымов К.Т., Тлемисов А.С., Жунусов Е.Т., Акимжанов К.Д., Пивина Л.М. Ортопедиялық хирургия мен травматологиядағы сегізкөз дисморфизмі мәселесі: әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б.224-230. doi 10.34689/SH.2023.25.4.027

Авторизируйтесь для отправки комментариев