ЖЕТІЛМЕГЕН ТҰРАҚТЫ ТІСТЕРДІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АПИКАЛЬДЫ ПЕРИОДОНТИТІ КЕЗІНДЕ АПИКАЛЬДЫ БАРЬЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КАЛЬЦИЙ ГИДРОКСИДІ, МТА ЖӘНЕ БИОДЕНТИН ПРЕПАРАТТАРЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ САРАПТАМАСЫ
Кіріспе. Созылмалы апикалды периодонтит тұрақты тістер түбірлерінің дамуы мен қалыптасуын тежейтін балалар эндодонтиясының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Апексификация - түбір ұшы ашық жетілмеген тұрақты тістерді емдеудің маңызды әдісі болып саналады.
Мақсаты: Некроздалған жетілмеген тұрақты тістердің апексификациясының клиникалық және рентгенологиялық жетістігінде кальций гидроксиді, МТА және Биодентиннің тиімділігі мәселесі бойынша әдебиетті сараптау.
Ізденіс стратегиясы. Ізденіс Pubmed, Web of Science, Scopus, eLibrary, Cochrane Library, Google Scholar, Research Gate дерекқорларында 2012 - 2022 жылдар аралығындағы ағылшын мен орыс тілдеріндегі рандомизацияланған бақыланатын сынақтар, перспективалық және ретроспективті зерттеулер жүргізілді. Келесі бөлімдер үшін негізгі сөздер қолданылды: патология: «апикалды периодонтит», «жетілмеген тұрақты тістер»; емдеу: «апексификация»; препараттар: «кальций гидроксиді», «МТА», «Биодентин»; зерттеулер: «рандомизацияланған бақыланатын сынақ». Талдауға барлығы 7 толық мәтінді зерттеу енгізілді.
Нәтижелер. Әдебиеттің сараптамасы Биодентин клиникалық және рентгенологиялық тұрғыдан науқастың келу жиілігін бір қабылдауға дейін шектейді, 12 минут ішінде өзек ішінде қатайып, бір сатылы обтурацияға мүмкіндік беретін, ең тиімді қолданыс сипаттарына ие екендігін көрсетті. МТА тіс кіреукесінің қараюын тудырғанымен, ақ MTA модификациясы айтылған кемшіліктерді жасырады. Кальций гидроксиді - күні бүгінге дейін шетелде де, Қазақстан Республикасында да кеңінен қолданылатын апексификацияға арналған бюджеттік әрі тиімді шешім болып табылады.
Қорытындылар. Ұсынылған үш апексификациялық материалдардың ішінде Биодентин мен MTA клиникалық және рентгенологиялық тұрғыдан ең тиімді материалдар болып табылады. Кальций гидроксиді бірнеше кемшіліктері болғанымен, таңдамалы препараттардың бірі ретінде қолданысқа ие.
Көрген адамдардың саны: 918
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Курманалина М.А., Суманова А.М., Деточкина В.Р., Шабанбаева Ж.А. Жетілмеген тұрақты тістердің созылмалы апикальды периодонтиті кезінде апикальды барьер қалыптастырудағы кальций гидроксиді, МТА және Биодентин препараттарының салыстырмалы сараптамасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б. 258-269. doi 10.34689/SH.2023.25.4.031Ұқсас жариялымдар:
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ
КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯНЫ АЙНАЛЫП ӨТКЕН ПАЦИЕНТТЕРДІ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙ
ЖОҒАРҒЫ АСҚАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ ҚАН АСУЫН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЕМДЕУ.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕТІЛМЕГЕН ОСТЕОГЕНЕЗДІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ СҮЙЕКІШІЛІК ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ