ІШКІ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ЕКІ ЖАҚТЫ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ БҰРАЛУЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ: КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Қазіргі уақытта ішкі ұйқы артериясының (ІҮА) екі жақты патологиялық бұралуы (ПБ) бар науқастарда хирургиялық емдеудің оңтайлы тактикасы анықталмаған. Біз өтпелі ишемиялық ұстамамен ауыратын 59 жастағы әйелдің клиникалық жағдайын хабарлаймыз. Науқасты тексерген кезде брахиоцефалиялық артерияларды ультрадыбыстық дуплексті сканерлеуде (УДДС) ІҮА екі жақты ПБ бұрыштық жерде қан ағымының сызықтық жылдамдығының үдеуімен, оң жақта 1,7 м/с дейін, сол жақта 1,6 м/с дейін. Контрастты интра- және экстракраниальды артериялардың компьютерлік томографиясы (КТ) ІҮА ПБ болуын растады. Науқасқа екі жаққа да кезең-кезеңімен ота жасалды.
Қайта операциядан кейін 6 ай өткен соң ұйқы артерияларының УДДС және контрастпен интра- және экстракраниальды артериялардың КТ жасалды. Екеуі де қалыпты нәтиже көрсетті.
ІҮА екі жақты ПБ хирургиялық емдеу нәтижесі дұрыс емдеу тактикасы церебральды және ошақты неврологиялық симптомдардың регрессиясына әкелуі мүмкін екенін көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 657
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Догалбаев Е.К., Фурсов А.Б., Султаналиев Т.А., Сагандыков И.Н., Сулейменов С.С., Ілбекова Қ.Б. Ішкі ұйқы артериясының екі жақты патологиялық бұралуын қалпына келтіру: клиникалық жағдай // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б. 274-277. doi 10.34689/SH.2023.25.4.033Ұқсас жариялымдар:
LOW KLOTHO LEVELS AND HIGH PLATELET REACTIVITY AS PREDICTORS OF ADVERSE OUTCOMES IN MYOCARDIAL INFARCTION: A CASE-BASED INSIGHT. CLINICAL CASE
A CASE REPORT OF MYOCARDIAL INFARCT PROCESSED ON POLYMORBID BACKGROUND
DIAPHRAGMATIC RELAXATION: CLINICAL MANIFESTATIONS AND FORENSIC CONSIDERATIONS
CASE REPORT: PAPULAR ACRODERMATOSIS OF CHILD, OR GIANOTTI-CROSTI SYNDROME
EXTRAPULMONARY TUBERCULOSIS IN A KAZAKH PATIENT WITH MIXED CONNECTIVE TISSUE DISEASE. СLINICAL CASE