Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СИНУКЛЕИН-АЛЬФА ГЕНІНІҢ (SNCA) ПОЛИМОРФИЗМДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ҰЛТЫ АДАМДАРЫНДАҒЫ КАРДИАЛЬДЫ АВТОНОМДЫ НЕЙРОПАТИЯНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
Кардиальды автономды нейропатия (КАН) жүрек иннервациясының бұзылуы салдарынан пайда болады және нәтижесінде ол жүрек-қан тамырлары патологиясынан болатын ауру мен өлім қаупінің жоғарылауына әкеледі. Жүрек ырғағының өзгергіштігінің патогенезінде негізгі клиникалық көріністердің бірі ретінде синуклеин-альфа ақуызы (SNCA) маңызды рөл атқаратыны туралы деректер бар. Бұл зерттеудің мақсаты қазақ популяциясы арасында кардиальды автономды нейропатия мен, оның ішінде диабеттік нейропатия мен синуклеин-альфа (SNCA) генінің полиморфизмдерінің (rs2736990, rs2737029) ассоциациясын зерттеу болып табылады. Материалдар мен әдістер. «Жағдай-бақылау» түріндегі зерттеуге диабеттік этиологияны қоса алғанда, кардиальды автономды нейропатиясы (жағдайлары) бар 82 пациент және кардиальды автономды нейропатиясы (бақылау) диагнозы жоқ 100 адам қатысты. Зерттеуге қатысушылардың барлығы қазақ ұлты. Синуклеин-альфа генінің (SNCA) екі полиморфизмі зерттелді: rs2736990, rs2737029. Деректерді статистикалық өңдеу Хи-квадрат критерийлерін, СА мен МҚ есептеуін, Логистикалық регрессияны (SPSS 26.0) қолдана отырып жүргізілді. Нәтижелері. Біз зерттеген SNCA генінің екі полиморфизмінің тек rs2737029 кардиоваскулярлық автономды нейропатиямен байланысы болатыны анықталды. Біздің зерттеу нәтижелері бойынша, рецессивті СС моделіндегі генотип пациенттерде кардиоваскулярлық автономды нейропатияның болу мүмкіндігін шамамен 2 есе арттырады (1.93 (1.06-3.53)). Жас пен жынысқа байланысты көрсеткіштер айтарлықтай өзгерген жоқ. Алайда, rs2736990 полиморфизмінің кардиальды автономды нейропатиямен байланысын зерттеу барысында модельдердің ешқайсысында статистикалық маңызды байланыс бар екені анықталған жоқ (1.00 (0.63-1.59)). Қорытынды. Сондықтан, SNCA генінің rs2737029 полиморфизм генотипінің СС тасымалдауы жүрек автономды нейропатиясының, соның ішінде диабеттік нейропатия дамуының бейімділік факторы болуы мүмкін, ал сол геннің rs2736990 полиморфизмі онымен байланысы жоқ.
Көрген адамдардың саны: 500

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Бекенова Н.Б., Айткалиев А.Д., Сибагатова А.С., Алибеков С.Р., Касиева Б.С. Синуклеин-альфа генінің (SNCA) полиморфизмдерінің қазақ ұлты адамдарындағы кардиальды автономды нейропатияның дамуындағы рөлі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б.59-66. doi 10.34689/SH.2023.25.4.007

Авторизируйтесь для отправки комментариев