Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ST СЕГМЕНТІ КӨТЕРІЛГЕН ЖЕДЕЛ КОРОНАРЛЫҚ СИНДРОМЫ БАР ЕМДЕЛУШІЛЕРДЕ ТРИМЕТИЛАМИН N - ОКСИДІ (TMAO) ДЕҢГЕЙІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Кіріспе: атеросклероздың классикалық қауіп факторлары бар - жынысы, этникалық тегі, отбасылық тарихы, қант диабеті, созылмалы бүйрек ауруы, семіздік, артериялық гипертензия, темекі шегу. Дислипедемия, инфекциялар және қабыну сияқты атеросклероздың дәстүрлі теорияларын зерттеу жалғасуда. Осы теориялардың негізінде клиникалық тәжірибеде қан липидтері, С – реактивті ақуыз, гомоцистеин бойынша тиісті зерттеулер жүргізіледі. Алайда, қазіргі уақытта атеросклероздың патогенезінде жаңа факторлар белгіленуде – ауаның микро бөлшектер мен ластануы, клондық гемопоэздің бұзылуы және триметиламин N-оксидінің проатерогенді метаболикалық биомаркерінің өзгеруі. Ірі зерттеулерде ТМАО жүрек – қан тамырлары ауруларының қаупін болжай алатындығы көрсетілген. TMAO ішек микрофлорасы арқылы синтезделеді және осы метаболикалық жолдармен TMAO деңгейіне әсер ететін факторларды зерттейді. Осыған байланысты ТМАО деңгейімен бірқатар клиникалық көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланысты зерттеу қажет. Мақсаты: ST сегментінің жоғарылауы бар жедел коронарлық синдромы бар науқастардың клиникалық зерттеулеріне сүйене отырып, TMAO деңгейінің өзгеруінің ықтимал болжаушыларына талдау жасау. Материалдар мен әдістер: зерттеу ішек микро биотасын диеталық қайта құрудың тотығу күйіне, триметила миноксид деңгейіне (ТМАО) және ИМST – ден кейінгі қайталанатын жүрек-қантамырлары оқиғаларының жиілігіне әсері туралы тағы бір ауқымды ғылыми жұмыстың бөлігі ретінде жүргізілді. Жұмыста алынған TMAO айнымалысымен бірқатар клиникалық көрсеткіштер арасында тәуелділіктің болуы туралы гипотеза жасалды. Нәтижелері: ТМАО концентрациясының өзгеруі көбінесе ішек микро биомасының құрамына байланысты. Қан плазмасындағы TMAO деңгейлері бірнеше факторлармен, соның ішінде оның метаболикалық прекурсорларын тұтынумен, дәрі-дәрмектермен және бауырдағы FMO флавинмоно оксигеназа белсенділігімен анықталатыны бұрын дәлелденген. Қорытынды: Жұмыста ТМАО деңгейінің 43 клиникалық индикаторға тәуелділігі талданды. SYNTAX ScoreI коронарлық арнасының жай-күйі шкаласынан, ойық жара ауруының болуынан және әлеуметтік мәртебеден деңгейдің статистикалық маңызды корреляциясы анықталды.
Көрген адамдардың саны: 11

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Сергазы Ш.Д., Жашкеев A.K., Жумадилов Ж.Ш. ST сегменті көтерілген жедел коронарлық синдромы бар емделушілерде Триметиламин N-оксиді (TMAO) деңгейінің клиникалық көрсеткіштерге тәуелділігін зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б. 34-44. doi 10.34689/SH.2023.25.5.004

Авторизируйтесь для отправки комментариев