RS11781551 ЖӘНЕ RS6988985 ПОЛИМОРФИЗМДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНДА ГИПЕРТЕНЗИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Кіріспе. Артериялды гипертензия (АГ, HT) дамушы елдерде өлім мен сырқаудың жетекші қауіп факторы болып табылады, Мысалға, жүрек пен қан тамырлары ауруларымен байланысты өлімнің бірінші себебі – қан қысымының жоғарылауымен тікелей байланысты. Дегенмен, тәуекел факторларының ішінде генетикалық факторлары аса анық емес, сондықтан қазіргі зерттеудің мақсаты қазақ этникалық тобында сегізінші хромосоманың кейбір SNP-лардын АГ-мен байланысын табу болып табылады.
Материалдар мен тәсілдер. Барлығы 606 пациент зерттеуде қатысты. Оның ішінде 394 пациент АГ диагнозымен және 212 адам бақылау тобында. Генотиптеу Open Array технологиясы арқылы орындалды. SNP мен фенотиптің байланысы GLM-ге негізделген жағдай-бақылау дизайны бойынша HT- және HT+ топтарында анықталды. Генотип пен фенотип белгілерінің байланысы тұқым қуалаудың 4 моделі арқылы бағаланды: доминантты, ко-доминантты, рецессивті және лог-аддитивті тұқым қуалаушылық үлгілері.
Нәтижелер. Кодоминантты зерттеу үлгісіндегі rs11781551 (OR 0,370 [0,157-0,871]) және доминантты зерттеу үлгісінде (OR 0,370 [0,157-0,871]) АГ-ның пайда болуымен байланысты екені анықталды.
Кодоминантты популяцияда rs6988985 мен АГ арасында маңызды байланысы бар (C/T генотипі үшін OR = 0,567 [0,336-0,956], T/T генотипі үшін OR = 0,422 [0,224-0,795 (OR), және лог-аддитивті модельдер (OR = 0,648 [0,473-0,887]). Бұл байланыстар жыныс пен жас, BMI, глюкоза, жалпы холестерин, LDL, HDL және триглицеридтерге арналған түзетулерден кейін табылды.
Талқылау. Бұл талдауда rs11781551 және rs6988985 екі полиморфизмі қазақ пациенттер тобындағы жасына, жынысына, BMI, глюкоза деңгейіне және липидті профильге қарамастан, гипертонияның болуына айтарлықтай әсер еткені анықталды. Бұл тұжырымдар HT әр пациенттің профилактикасы мен емдеу тәсілдердерінің қолданысына әсер етуі мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 57
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Бенберин В., Карабаева Р., Тургумбаева Ж., Айткалиев А., Сибагатова А. Rs11781551 және rs6988985 полиморфизмдерінің қазақ ұлтында гипертензиямен байланысы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б.45-51. doi 10.34689/SH.2023.25.5.005Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ