Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015-2020 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ЖҮРЕК-ТАМЫР АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ
Кіріспе: Қазақстан Республикасында халықтың аурушаңдылығы мен өлім-жітімнің жалпы құрылымында қан айналым жүйесінің аурулары жетекші орын алады. Қан айналым жүйесі ауруларының ішінде жүрек ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, мидың тамырлық зақымдануы жиі кездеседі. Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасында 2015-2020 жылдар аралығында қан айналым жүйесі және оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы мен артериялық гипертензиядан сырқаттылық және өлім-жітім көрсеткіштерінің динамикасын бағалау. Материалдар мен әдістері: қан айналым жүйесінің аурулары және оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы мен артериялық гипертензиядан сырқаттылық және өлім-жітім көрсеткіштерінің динамикасын бағалауда Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы жыл сайынғы статистикалық жинақтар қолданылды. Нәтижелер: 2008-2018 жылдар аралығында қан айналым жүйесі ауруларының таралу деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 1204,3-тен 2755,4 жағдайға дейін 2,5 есеге жуық өсті. Осы сырқаттың аурушаңдық және өлім-жітім көрсеткіші еліміздің әр өңірінде әр түрлі: 2019 жылы қан айналым жүйесі ауруларының ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда Қарағанды облысында 325,47 жағдай тіркелді, ал республика бойынша осы жылы – 163,14 жағдай, екінші орында Шығыс Қазақстан облысы (255,81жағдай), үшінші орында – Батыс-Қазақстан облысы (209,45 жағдай). Халықтың аурушаңдылығы (100 мың адамға шаққанда алғаш рет тіркелген сырқаттар саны) 2019 жылы қан айналым жүйесі аурулары Республикада 2811,7 жағдайды құраса, аймақтар бойынша алғашқы орында Алматы қаласы – 3758,3, екінші орында Шымкент қаласы 3418,6 және Шығыс Қазақстан облысы 3406,5, үшінші орында Ақмола облысы 3099,7 және Жамбыл облысында 3008,2 жағдай. Қан қысымының жоғарылауы бойынша 2019 жылы Республикадағы (орташа 2016,6 жағдай) ең жоғары көрсеткішті Ақмола облысы берді – 2858,5 жағдайды болса, миокард жіті инфаркті бойынша ең жоғары көрсеткіш – Шымкент қаласында 166,1 жағдай. Артериялық гипертензиямен өмірінде алғаш сырқаттану деңгейі еліміз бойынша 2015 жылдан 2020 жыл аралығында 1433,7 жағдайға дейін жоғарылауы байқалады. Сонымен қатар ЖИА, жіті миокард инфаркті, ми тамырларының аурулары сәйкесінше 2015 -2020 жылдары келесідей болды: 470,7-604,2; 65,9-127,6; 458,4-433,7; Қорытынды: Шетелдік және отандық ғалымдар жүргізген клиникалық зерттеулер адекватты терапия, позитивті мотивация және науқастың өз ауруын жеңудегі орасан зор еңбегі кезінде артериялық гипертензия науқастарының өмірлік болжамы мен өмір сүру жақсарту мүмкіндігін көрсетеді; алдын алуда үлкен рөл артериялық гипертензиясы бар науқастарды оқытудың терапевтік мектептеріне – «Артериялық гипертония мектептеріне» беріледі. Біздің елімізде артериялық гипертензияның жоғары таралуын және оның асқынулардың дамуындағы рөлін ескере отырып, артериялық гипертензиямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде осы науқастарға ауруды басқару бағдарламасын енгізгеннен кейін, аурудың ерте кезеңдерінде анықтауды, дәрігерлердің қан айнылм жүйесі қаупінің дәрежесін дұрыс бағалауын және алдын алу шараларын уақтылы жүргізуді зерттеу үлкен маңызға ие.
Көрген адамдардың саны: 16

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Маркабаева А.М., Керимкулова А.С., Нурпейсова Р.Г., Жуманбаева Ж.М., Мухамеджанова А.А. Қазақстан Республикасында 2015-2020 жылдар аралығында жүрек-тамыр ауруларының таралуы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б.70-77. doi 10.34689/SH.2023.25.5.009

Авторизируйтесь для отправки комментариев