Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
2018-2019 ЖЫЛДАРҒА АҚТӨБЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЭКСТРАГЕНИТАЛДЫ ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, АҚТӨБЕ Қ., ҚАЗАҚСТАН
Кіріспе. Экстрагенитальды патологиялар, қазіргі уақыттада жиі тіркеліп, жүктілік ағымымен бірге жүретіндігі анықталуда. Зерттеу мақсаты: Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе медицина орталығында тіркелген маңызды экстрагенитальды патологияның қүрылымын анықтау. Материалдар мен тәсілдер. Ақтөбе қаласындағы экстрагениталды патологияның құрылымын анықтау үшін 2 жыл (2018-2019 жж.) Ақтөбе медициналық орталығының емделушілеріндегі No 096 / медициналық ауру тарихы деректеріне талдау жасадық. Зерттеудің дизайны сипаттамалық, бір сатылы, көлденең, ретроспективті болды. Медициналық жазбалардың жалпы жылдық санынан (n=4000) біз жыл сайынғы талдау үшін экстрагениталды патологиясы бар науқастардың 198 жазбасын таңдадық. Статистикалық маңызды нәтижелерді алуға мүмкіндік береді үлгі ретінде қабылданды. Талданған құжаттардың жалпы саны 396 болды. Экстрагениталды патологияны тіркеу бойынша алынған мәліметтерді өңдеу үшін STATISTICS статистикалық пакеттің 10-нұсқасы қолданылды. Нәтижелер. Медициналық орталықта есепте тұрған экстрагениталды аурулардың ішінде анемия (43,4-39,4%), гипертониялық жағдай (30,8-26,3%) және пиелонефрит (20,2-18,7%) басым болды. Гипертониялық жағдайларды зерттеу гипертониялық патологиялардың жалпы үлесінде артериялық гипертензияның жоғарылауы көрсетсе (21,2-ден 28,8%-ға дейін), ал гестациялық гипертензия мен эклампсияның төмендеу тенденциясын көрсетті. Қорытындылар. Жүкті әйелдердің экстрагениталды патологиялары арасында анемия және жүрек-қан тамырлары патологиялары басым болды. Сондай-ақ, зәр шығару жүйесінің патологиясының арасынан пиелонефрит жүктілік асқынуларының жалпы үлесінің 18,7-ден 20,2%-н құрады. Бақылау кезеңінде анемия, гипертония және пиелонефрит ауруларының жалпы пайызының төмендеу тенденциясы байқалғанын атап айтуға болады.
Көрген адамдардың саны: 19

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Арингазина Р.А., Сахипова Г.Ж., Нургалиева Ж.Ж., Калдыбаева А.Т., Жолдасова Н.Ж., Аманжолкызы А. 2018-2019 ЖЫЛДАРҒА Ақтөбе медициналық орталығында жүкті әйелдердің экстрагениталды патологиясының құрылымы, Ақтөбе Қ., Қазақстан // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б. 100-111. doi 10.34689/SH.2023.25.5.014

Авторизируйтесь для отправки комментариев