ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ТУЛЯРЕМИЯ ОШАҚТАРЫНЫҢ РЕТРОСПЕКТИВТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Кіріспе. Қазақстан халқының туляремиямен сырқаттануы өзекті мәселе болып қала береді [7, 16]. Жыл сайын елде адамдар арасында аурулар, кеміргіштер арасында эпизоотиялық ошақтар тіркеледі. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін эпидемиологиялық ерекшеліктер, адамдар сырқаттанушылығының деңгейі мен құрылымы, табиғи ошақтардың орналасуы мен шекаралары, олардағы туляремия микробының айналымының ерекшеліктері, түр құрамы, туляремияның негізгі тасымалдаушылары мен таратушыларының саны және олардың залалдығы туралы толық ақпарат болуы қажет.
Зерттеу мақсаты: Эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайды анықтау және профилактикалық іс-шараларды жоспарлау бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін Шығыс Қазақстан облысындағы туляремияның 2000 жылдан 2020 жылға дейінгі және тарихи деректермен салыстырғандағы қазіргі кеңістіктік-уақыттық ахуалын зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Жұмыста туляремияның табиғи ошақтарын эпизоотологиялық зерттеу нәтижелері, облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми мәліметтері пайдаланылды. Деректерді талдау үшін сипаттамалық эпидемиология әдістері мен географиялық ақпараттық жүйелер қолданылды.
Нәтижелер. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында туляремияның төрт табиғи ошағы орналасқаны анықталды. 1942-1963 жылдар аралығында туляремия ошақтарында адамдарда жыл сайын аурулар тіркелді, осы кезеңде мыңнан астам туляремиямен ауырған адамдар тіркелді. Содан кейін 2000 жылға дейін тек бірлі жарым ауру жағдайлар тіркелді, 2000 жылдан 2020 жылға дейін туляремиямен ауырған адамдардың 40-тан аса жағдайы тіркелді. Кеміргіштерді, эктопаразиттерді, қоршаған орта объектілерін зерттеу кезінде туляремия микробының қоздырғышы бөлінеді. Эпизоотиялық жағдайды ретроспективті салыстырмалы талдау нәтижесі қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында эпизоотиялық белсенділіктің сақталғанын көрсетеді.
Қорытынды. Шығыс Қазақстан облысындағы туляремия ошақтарының эпизоотиялық және эпидемиялық белсенділігінің төмендігіне қарамастан адамдардың жаппай сырқаттану жағдайларының алдын алу үшін мониторингтік зерттеулерді жалғастыру қажет. Елді мекендерде зоологиялық-паразитологиялық жұмыстарды жүргізу көлемін ұлғайту және халықты вакцинациялауды қамтитын уақытылы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету керек.
Көрген адамдардың саны: 21
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Избанова У.А., Лухнова Л.Ю., Саякова З.З., Садовская В.П., Кирьянова Ю.С. Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы туляремия ошақтарының ретроспективті талдау және заманауи кеңістіктік-уақыттық сипаттамасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б.112-120. doi 10.34689/SH.2023.25.5.015Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА