Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА
Кіріспе. Остеопороз (ОП) – сүйектің жүйелі ауруы, бұл сүйек массасының төмендеуімен сипатталады, нәтижесінде сүйектің сынғыштығы және сынудың қаупі жоғарылайды. ОП – сүйектің кең тараған созылмалы метаболитикалық және дүние жүзі бойынша жыл сайын 8,9 миллион сынуларға әкелетін денсаулық сақтаудағы өзекті мәселе ауруы болып табылады. Зерттеу мақсаты. Сүйек қаңқасының жас бойынша минерализациялану ерекшелігіне байланысты сүйек массасының жиналу процесінің бұзылысына әсер ететін факторларды зерттеу, бұл сүйек массасын рентгендік денситометрия сандық тексеру әдісімен тығыз байланысты. Зерттеу әдістері. Семей қ. және Абай облысындағы ересек және балалар арасында ОП даму факторын анықтауға бағытталған зерттеу бірнеше кезеңнен құралды. Кезең 1. Сауалнама дайындау. Кезең 2. Зерттеу тобын тексеру. Сауалнама қағаз бетіне қолмен жазу ары қарай exсel электронды форматқа еңгізу арқылы жүргізілді. Кезең 3. Остеоденситометрия. КеАҚ «Семей медицина университетінің» Университеттік госпиталь базасында PRIMUS Osteosys (2020) рентгендік денситометрия аппаратында зерттеу тобы бойынша жүргізілді. Нәтижелер. Сауалнама нәтижесі бойынша 30 ересек адамдар арасында: орта жасы 40±5 жасты құрады, орташа ДМИ 24±2. Сауалнама нәтижесі бойынша 30 балалар арасында: орта жасы 13±1 жасты құрады, орташа ДМИ 20,2±1. Екіэнергетикалық рентгендік абсорбциометрия (DXA) жүргізу барысында 5 (17%) адамда ОП, 9(30%) адамда остеопения анықталды, мұны біз әлеуметтік-тұрмыстық факторлардың әсер етуімен байланыстыра аламыз. Сауалнама нәтижелеріне сүйенсек балаларда физикалық белсенділіктің төмендігін атап өтуге болады, бұл өз арасында сүйектің минералды тығыздығының төмендеуіне әсер етеді. Қорытынды. Авторлар сынықтардың дамуының дәлеледенген қауіп факторы – сүйек минералды тығыздығының төмендігін анықтайтын денситометрия әдісін қолдануды ұсынады. Денситометрия әдістерін остеопорозға күмән зерттеу тізіміне еңгізу қажет, соның ішінде рентгендік денситометрия әдісін қолдану таңдамалы болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 27

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Мадиева М.Р., Каскабаева А.Ш., Рымбаева Т.Х., Алимбаева А.Р., Берсимбекова Г.Б., Канапиянова Г.Б., Ахметжанова Д.О. Абай облысы бойынша халық арасында сүйектің минералды тығыздығын анықтау бойынша зерттеу жүргізудің басталуы жайында // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б. 121-127. DOI 10.34689/SH.2023.25.5.016

Авторизируйтесь для отправки комментариев