Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Кіріспе. Қант диабетімен ауыратын науқастар ұтымды тамақтану арқылы дәрумендер мен минералдарды күнделікті тұтынудың маңыздылығын білуі керек, өйткені нашар бақыланатын қант диабетімен ауыратын адамдарда микроэлементтер жетіспейді. 2 типті қант диабеті үшін өзін-өзі басқаруды оқыту осы нозологиясы бар науқастарды басқарудағы стратегиялық маңызды бағыттардың бірі. Нақты тамақтануды талдаудың көмекшісі ретінде электронды қосымшаларды пайдалану болып табылады. Зерттеудің мақсаты 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастарда электронды қосымшаларды қолдану арқылы нақты тамақтануды бағалау болып табылады. Материалдар мен әдістері. Зерттеу дизайны-көлденең клиникалық зерттеу, бақылау тобы жоқ. Зерттеуге 2 типті қант диабетімен ауыратын 156 пациент қатысты, олардың 62-сі ерлер мен 94-і әйелдер. Сауалнама пациенттерге бағдарламаның ұсынылған бөлімдері бойынша дайындалған маманмен бірге жүргізілді. Дайын қорытынды автоматты түрде қосымшаның өзіне енгізілді, онда антропометриялық мәліметтер, диета, оның сандық және сапалық көрсеткіштері ескерілді. Зерттеушілер 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың тамақ өнімдерінің макро және микроэлементтік құрамын талдады. Нәтижелер. Энергетикалық құндылығы бойынша 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың тамақтануы ерлерде 962 ккал және әйелдерде 676-дан асады. Ерлердегі ақуыздар 23 г, әйелдерде 18 г аз тұтынылды, майлар бойынша ерлерде, 99,5 г әйелдерде қалыпты шектерде. Көмірсулар бойынша ерлер 191, ал әйелдер 136 жоғары екендігі анықталды. Қорытынды. Зерттеу барысында біз 2 типті қант диабеті бар науқастардың диетасындағы макронутриенттер бойынша теңгерімсіздікті ақуыздар мен майларды қалыпты тұтыну кезінде көмірсуларға қарай ығысуы анықталды. Бұл көбінесе ер адамдарда байқалды. Сондай-ақ, 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастарда барлық микроэлементтерді тұтыну бойынша төмен көрсеткіштері анықталды оларға: кальций, магний, йод, темір, селен, мырыш.
Көрген адамдардың саны: 27

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Зиналиева А.Н., Төребаева Д.О., Дильмагамбетова Г.С., Сартаева А.Ш., Баспақова А.М., Бегалина Д.Т., Ахметжанова М.Б., Молдашева З.Б., Назарбаева М.К., Тулеуова А.М. Компьютерлік бағдарлама арқылы нақты тамақтануды бағалау мүмкіндіктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б.128-134. doi 10.34689/SH.2023.25.5.017

Авторизируйтесь для отправки комментариев