АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
Өзектілігі. Денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің Денсаулық сақтау технологияларын енгізу туралы білімі мен пікірін анықтау үшін Алматы қаласының жеті ауруханасының дәрігерлерінен, бөлімше меңгерушілерінен және директорларымен сауалнама жүргізілді. Сауалнама олардың жұмыс орындарында медициналық технологияларды енгізу тәжірибесі мен денсаулық сақтау технологияларын бағалау (ДСТБ) туралы білімдерін қамту үшін пайдаланылды. Сауалнама жауаптарын нақтылау үшін аурухана басшыларымен және дәрігерлерімен екі сатылы сұхбатпен жалғастырылды. Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі Қазақстанда медициналық технологияларды енгізу үрдісі мен денсаулық сақтау жүйесіндегі шешімдерді қабылдау негіздерін білмеді. Қатысушылар өз ауруханаларында технологияны енгізудің нақты үрдісін жақтап, енгізу нұсқаларына қатысты пайдалы таңдау жасады. Жаңа технологиялар бойынша шешім қабылдауға ықпал ету үшін ДСТБ-ны қолдануды жөн көрді, бірақ қызметкерлерді одан әрі оқыту қажеттігі анықталды. Қаржыландырудың жетіспеушілігі және қызметкерлердің жұмыс уақытының тығыздығы ауруханаларда ДСТБ-ны қолдану қиындығы байқалды. Алматы қаласының денсаулық сақтау нысандары жаңа медициналық технологияларды таңдау мен енгізуді басқару сияқты қиындықтарға тап. Денсаулық сақтау қызметкерлері жаңа технологияларды бағалауды және бұл оларға шешім қабылдауға көмектесетіндігін түсінеді, бірақ оны күнделікті өмірге енгізуге әрі қарай дамытудың қажеттілігі туындауда.
Мақсаты. Денсаулық сақтау технологияларын бағалау саласындағы медицина қызметкерлерінің хабардарлығын анықтау
Материалдар және әдістері. Зерттеу дизайны үшін Алматы қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының мүдделі тараптарынан аралас сапалы зерттеу әдістері, яғни сауалнама және сұхбаттасу қолданылды. Сауалнамаға барлығы 315 медицина қызметкері және сұхбатқа 22 адам қатысты. Алынған деректерді талдау үшін SPSS бағдарламасында сипаттамалық статистика әдісі қолданылды.
Нәтижелер. Сауалнама COVID-19 пандемиясына дейін және одан кейін жүргізілді. Карантинге дейін қатысушылардың бірнеше сұрақтарына нөлдік жауаптары көп болды, ал COVID-19-дан кейін респонденттер алдыңғы сауалнамамен салыстырғанда көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Сауалнамадағы жауаптар аурухана қызметкерлерінің ДСТБ-ға деген қызығушылығына, оны қолдану аспектілеріне және олардың ұйымдарына жаңа технологияларды енгізу үрдісіне қатысты болды.
Қорытындылар. Барлық менеджерлер мен дәрігерлердің көпшілігі Үкіметтің қазіргі саясатын ескере отырып, жаңа технологияларды енгізу үрдісі қажет екендігіне келісті. Аутсорсингке қатысты әртүрлі пікірлер ДСТБ есептерін дайындау және кейіннен ауруханаларға кеңес беру нұсқасы ретінде айтылды. Қосымша оқыту қажеттілігі және ДСТБ саласындағы қолда бар ақпараттың қолжетімділігі менеджерлермен және дәрігерлермен сұхбат арқылы расталды.
Көрген адамдардың саны: 26
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Асқарова А.М., Кошербаева Л.К., Дини Л., Ускенбаева А.Т., Зулпухаров А.Ж. Ауруханаларда жаңа технологияларды енгізу: медициналық маманның хабардарлығы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5(Т.25). Б.135-143. doi 10.34689/SH.2023.25.5.018Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА