МЕДИЦИНАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӨМІРІНЕ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АМАНДЫҒЫНА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Кіріспе: Әдебиетте пациенттер тарапынан жасалған шағымның медициналық қызметкерлердің денсаулығы мен амандығына тигізетін әсері жиі танылып келеді. Медициналық қызметкерлерге өздеріне, әріптестеріне және пациенттерге зиянын тигізуі мүмкін тәуекелден қашу тәжірибесі, тіпті суицид ойлары секілді әртүрлі тәсілдермен әсер етеді.
Мақсаты: Шағымның тәжірибесіне және пациент еміне жұмсалатын шығындарды өтеуге байланысты медициналық қызметкерлердің өмір сапасын, психологиялық амандығы және денсаулығын бағалау.
Материалдар және әдістер: Әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Қатысушылар екі топқа бөлінді: шағымның болмауы, жақын уақыттағы/ағымдағы шағымдар. Әр топ сауалнаманың бейімделген нұсқаларын толтырды. Зерттеу нәтижелері сипаттамалық статистика әдістерін пайдаланып, талдау жасалды.
Нәтижелерi: Біз статистикалық мәнді айырмашылықтарды (р=0,059) анықтадық, атап айтқанда пациенттер немесе олардың туыстары тарапынан бейресми шағым/ресми шағым алған медициналық қызметкерлердің 50%-ның кейде көңіл-күйлері болмайды, жабырқау және үмітсіздік сезімдеріне беріледі. Сонымен қатар біз өз ісін атқару барысында жұмысынан ләззат алудың немесе қызығушылықтың төмендеуіне қатысты статистикалық мәнді айырмашылықтарды (р=0,036) анықтадық, зерттеуге қатысқан қатысушылардың жартысынан көбі 52,6%-ы (n = 10) өздері немесе олардың әріптестері/медициналық ұйым көп жағдайда ауруы асқынған пациенттердің еміне жұмсалған шығындарды өтеген кездерін атап өткен. Ары қарай медициналық қызметкерлер айналасындағы адамдар байқайтын іс-қимыл мен сөйлеу бәсеңдігін атап айтқан. Немесе керісінше, шамадан тыс және оларға тән емес беймазалықты және белсенділікті, сәйкесінше зерттеу қатысушылары 52, 0%-ы (n = 13) өздері немесе олардың әріптестері/ медициналық ұйым көбінесе ауруы асқынған пациенттердің еміне жұмсалған шығындарды өтеген кездерін атап өткен. Одан басқа, медициналық қызметкерлердің 51,4%-ы (n = 18) көп жағдайда олай мүлдем болмағанда жақсы болатыны немесе ауруы асқынған (р=0,031) пациенттер еміне жұмсалатын шығындарды өтеу тәжірибесі болғанын хабарлағандарда өз-өзіне жаман әрекет жасау туралы ой болатынын атап айтты.
Қорытындылар: Шағымға байланысты тәжірибесі болған медициналық қызметкерлерде депрессия, үрей сезімдері және суицид жасау ойлары болады. Сот процесі, ұзақ мерзімді шектеулер және шағымдар жүйесін беймаза қолдану медициналық қызметкерлердің психологиялық амандығының нашарлауына байланысты, қорғау тәжірибесін күшейту қоғамдық денсаулық сақтау саласының жаһандық мәселесі болуы ықтимал деп болжам жасауға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 15
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Алчимбаева М.А., Рахыпбеков Т.К., Аскаров Б.Б., Баймагамбетова А.А., Базарова Г.С., Абдилов К.С., Хамзина М.Г., Кудайбергенова М.Ж., Цигенгагель О.П. Медициналық шағымның медициналық қызметкерлердің өміріне, психологиялық амандығына және денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б.158-165. doi 10.34689/SH.2023.25.5.021Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА