Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МИКРОПЛАСТИКТІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Кіріспе: Бүгінгі таңда микропластиктің адам ағзасына әсері өзекті мәселе болып табылады, себебі микропластиктер 5 мм-ден аз өлшемдері бар пластик қалдықтарының фракциялық бөлшектері болып табылады және біздің айналамыздағы әртүрлі орталарда, соның ішінде, су, топырақ және азық-түлік өнімдерінде кездеседі. Статистикаға сәйкес, күн сайын адам ағзасына 330-ға жуық микропластикалық бөлшектер түседі. Пластмасса тұтыну деңгейі жыл сайын өсіп келеді, бұл студенттер арасында үлкен сұранысқа ие азық-түлік жеткізу қызметтерімен де байланысты. Зерттеудің мақсаты: «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерінің микропластиктің адам ағзасына зияны туралы хабардарлығын бағалау. Материалдар мен тәсілдер. Семей медициналық университетінің 1-5 курс студенттерінің бір сатылы көлденең зерттеуі (Қазақстан Республикасы, Семей қ.). Жалпы студенттер саны = 2343, таңдалған студенттер саны = 330. Біз 659 респондентке сауалнама жүргіздік. Статистикалық деректерді өңдеу IBM SPSS Statistic (Version 22) бағдарламалық құралында, сипаттамалық статистика көмегімен орындалды. Сенім аралығы = 95%. Зерттеу нәтижелері. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, 578 (87,7%) респондент күнделікті өмірде пластикалық бұйымдарды пайдаланады, ал студенттердің тек 308 (46,7%) микропластиктің не екенін біледі. Микропластиктердің ағзаға әсері туралы тек 245 (37,2%) студент ғана біледі. Барлығы тек 116 (17,6%) адам сусын ыдыстарының дұрыс санатын; 58 (8,8%) – киндердің «сарыларының» дұрыс санатын көрсетті; 50 (7,6%) – тамақ пленкасы үшін; 58 (8,8%) – көп рет қолданылатын пластикалық ыдыстар үшін; және түскі ас қораптарының санаттары туралы сұраққа 182 (27,6%) дұрыс жауапты таңдады. Сонымен қатар, респонденттердің 594-і (90,1%) пластик қалдықтарын дұрыс кәдеге жаратпаумен байланысты қоршаған ортаның ластану проблемасына алаңдаушылық танытатынын білдірді. Қорытынды: «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерінің басым көпшілігі пластикалық бұйымдарды күнделікті өмірде пайдалана отырып, микропластик түсінігі және оның жіктелуі, адам ағзасына ену жолдары және оның әсер етуінің ықтимал салдары туралы білмейді.
Көрген адамдардың саны: 14

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Оразаева Б.Б., Турсынбекова А.Е., Ахметова К.М., Хисметова З.А. Микропластиктің адам ағзасына зияны туралы студенттердің хабардарлығын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б. 166-173. doi 10.34689/SH.2023.25.5.022

Авторизируйтесь для отправки комментариев