БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕТІЛМЕГЕН ОСТЕОГЕНЕЗДІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ СҮЙЕКІШІЛІК ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Өзектілігі. Жетілмеген остеогенез (ЖО)- 1 типті коллаген өндірілуінің бұзылысымен жүретін генетикалық аурудың клиникалық көрінісі. Науқастарда рецидивті сынулар, сонымен қатар ұзын сүйектер мен қаңқа осінің деформацияларына дейін өршитін қаңқаның маңызды құрылымдық өзгерістері байқалады. ЖО бар науқастар сүйектерінің сынуынан, буынның жоғары қозғалғыштығынан және жұмсақ тіндердің әртүрлі ақауларынан зардап шегеді. Сынық деформациялары жиі хирургиялық түзетулерді қажет етеді, ең жиі көрсетілген емдеу сүйекішілік өзектермен іске асырылады. Сүйекішілік бекітуді қолдану арқылы ұзын сүйектердің деформацияларын түзету мен келешек сынулардың алдын алуға бағытталған шаралар қарқынды дамып келеді. Бүгінге дейін телескопиялық сүйекішілік құрылғылардың әртүрлі жүйелері құрастырылды, әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктер мен техникалық қиындықтарға ие. ЖО бар науқастарға хирургиялық ем қиын міндетті жүктейді. ЖО бар науқастың жағдайын жақсартуға бейімделген телескопиялық импланттарды орнату арқылы кездесуі ықтимал асқынуларды алдын алуға әрекет жасаған жөн.
Мақсаты. Қазіргі заманғы әдебиеттерде жарияланған балалардағы ЖО хирургиялық жолмен емдеуді іске асыру бойынша туындаған өзекті мәселелерді саралау.
Іздеу стратегиясы. ЖО бар балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған хирургиялық ем бойынша қазіргі таңда қолданылатын әдістер мен ұсыныстарға байланысты ағылшын және орыс тілдеріндегі толық мәтінді басылымдар зерттелді. Әдебиеттерді іздеу барысында келесі іздеу жүйелері қолданылды: Pubmed, Web of science, Cyberleninka, Google. Scholar түйінді сөздер бойынша сараптама жүргізілді. 2014-2022 жылдар аралығындағы жарияланған жұмыстар зерттеліп, таңдалды. Деректер көзінің басым бөлігі шет елдік және ағылшын тілінде болды. Осы тақырып бойынша 120 шамасында басылым анықталды. Олардың ішінде біздің зерттеуіміздің мақсатына 83 мақала сәйкес келді. Қосу критерийлері: А, В дәлелділік деңгейінің жарияланымдары: мета-талдаулар, жүйелі шолулар, когорттық және көлденең зерттеулер. Шығару критерийлері: қысқаша есептер, газет мақалалары және жеке хабарламалар.
Нәтижелер мен қорытындылар. Қазіргі заманда ғылымның дауына сай балалардағы ЖО хирургиялық емдеуде телескопиялық сүйекішілік бекіту құрылғыларымен ұзын сүйектердің деформацияларын түзету мен келешек сынулардың алдын алуға бағытталған емдеу тәсілдері қарқынды дамып келеді. Алайда, құрылғыларды орнатудан кейінгі кездескен асқынуларды ескере, келешек телескопиялық сүйекішілік импланттар ЖО бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға және болуы мүмкін асқынулардың алдын алуға негізделуі керек.
Көрген адамдардың саны: 27
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Хасенқызы А., Досанов Б.А., Досанова А.К. Актуальные проблемы применения современных интрамедуллярных телескопических устроиств, применяемых при хирургическом лечении несовершенного остеогенеза у детей. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2023. 5(Т.25). С. 199-208. DOI 10.34689/SH.2023.25.5.026Ұқсас жариялымдар:
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ
КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯНЫ АЙНАЛЫП ӨТКЕН ПАЦИЕНТТЕРДІ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙ
ЖОҒАРҒЫ АСҚАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ ҚАН АСУЫН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЕМДЕУ.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕТІЛМЕГЕН ОСТЕОГЕНЕЗДІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ СҮЙЕКІШІЛІК ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ