Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
Кіріспе. IHME мәліметтері бойынша, Қазақстанда 10 адамның 1-і психикалық бұзылулардан, негізінен депрессия мен мазасыздықтан зардап шегеді. Академиялық медицина саласындағы көптеген зерттеулер көрсеткендей, оқытушылар жалпы халықпен салыстырғанда психологиялық күйзелістің жоғары деңгейіне ие. Мақсаты. Біздің зерттеуіміз DASS-21 психометриялық сенімділігін және оның қазақстандық оқытушылар іріктемесінде қолданылуын бағалауға бағытталған. Материалдар мен әдістері. Зерттеу 2021 жылдың мамырында Семей медициналық университетінде жүргізілді. DASS-21 шкаласы пилоттық зерттеу құралы ретінде пайдаланылды. Валидизация рәсімі ДДҰ-ның құралдарды аудару және бейімдеу жөніндегі ұсынымдарына сәйкес жүргізілді және тікелей аударма, талқылау және кері аударманы қоса алғанда, 3 кезеңнен тұрды. DASS-21 қазақ нұсқасы 30 еріктіден тұратын пилоттық топта сыналды. Нәтижелері. Сауалнамаға қатысқандардың орташа жасы 38,17 құрады. DASS-21 шкаласы бойынша жалпы Кронбах альфасы 0,898 құрады. Депрессия, мазасыздық және стресстің кіші шкаласы үшін Кронбах альфасы сәйкесінше 0,743, 0,847 және 0,747 құрады. Тест-ретест сенімділігі депрессия үшін 0,712, мазасыздық үшін 0,761 және стресс үшін 0,715 болды. Қорытынды. Біздің зерттеу DASS-21 психометриялық қасиеттерін растайды және оны депрессия, мазасыздық және стресстің жалпы белгілерін анықтауға арналған дұрыс құрал ретінде ұсынады.
Көрген адамдардың саны: 32

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Уристемова А.К., Мысаев А.О., Мейрманов С.К., Мигина Л.Е., Пак Л.А. Медициналық университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында Depression Anxiety Stress Scale (DASS-21) сауалнамасының қазақша нұсқасын валидизациялау: пилоттық зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б.262-269. doi 10.34689/SH.2023.25.5.032

Авторизируйтесь для отправки комментариев