Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
КОНФЕРЕНЦИЯТУРАЛЫБАЯНДАМА: ДҮНИЕЖҮЗІЛІКДЕНСАУЛЫҚСАҚТАУҰЙЫМЫНЫҢ ЖҮКТІЛІККЕЗІНДЕГІТАМАҚТАНУМӘСЕЛЕЛЕРІБОЙЫНШАХАЛЫҚАРАЛЫҚКЕҢЕСТІКМӘЖІЛІСІ (2016 жылы 27-28 маусым, РИГА, ЛАТВИЯ)
Мұрааттағы мақалаларды қарау
2016 жыл 27-28 маусымы күндері Латвия, Ригада ДДҰ-мен Қызметтес отралықтар Польша, Латвия, Эстония, Италия, Ұлыбритания, Қазақстан,Тәжікістан,Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Армения, Молдавия ДДҰ-ның жүктілік кезіндегі тамақтану мәселелері бойынша ана мен баланы қорғау және ДДҰ-мен репродуктивтік денсаулық бойынша мамандарының Халықаралық кеңестік мәжілісі өтті. Әртүрлі елдердің баяндамашыларының мәліметтері бойынша әйелдер денсаулығын нығайту және тамақтануының негізгі мәселесі: денедегі артық салмақтың және әйелдер арасындағы семіздіктің өсуі, жүктілік кезінде артық салмақтың қосылуы, туылғаннан кейінгі 6 ай-да ана сүтімен тамақтандыру көрсеткіштерінің жеткіліксіздігі, микронутриенттің жеткіліксіздігі, жүктілікке дейінгі және кейінгі семіздік қауіптілігі және репродуктивті жастағы әйелдердің дұрыс тамақтануы туралы медицина қызметкерлерінің хабардарлығының жеткіліксіздігі аналық және нәрестелік балалар тағамы бойынша ұлттық ұсыныстардың қажеттілігі әйелдердің денсаулығын нығайту және тамақтануының негізгі мәселелері болып табылады. Мәжілісте басты жағдайлар бойынша ДДҰ-ның ресми түрдегі «Ананың дұрыс тамақтануы-өмірдің жақсы бастауы» баяндамасы болды. Баяндама әйелдер арасында жүктілікке дейінгі және жүктілік кезіндегі инфекциялық емес аурулар профилактикасы және семіздік, тамақтанудың соңғы мәліметтері туралы жүйелі шолу ұсынысы болды. Баяндама мазмұны мүдделі тараптар үшін жүктілік және ана сүтімен тамақтандыру кезіндегі әйелдердің дұрыс тамақтануын жақсартудың маңызды мәселелеріне ұсыныстар берді. Мәжілісте ұлттық әйелдердің тамақтануы бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша Латвияның тәжірибесі ұсынылды. Ұсыныстар және пікірлер елдер және өңірлер деңгейінде әрі қарай әрекет ету үшін: 1. «Ананың дұрыс тамақтануы-өмірдің жақсы бастауы» ДДҰ баяндамасын тарату. 2. Әйелдердің жүктілікке дейінгі және жүктілік, емізу кезіндегі тамақтануы бойынша Ұлттық ұсыныстарды мерзімді жаңартып отыру және әзірлеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде жұмысшы тобын құру. 3. Әйелдердің жүктілікке дейін және жүктілік кезінде дұрыс тамақтануы негізінде медицина қызметкерлері мен тұрғындардың ақпараттылығын жоғарылату. 4. Әйелдер арасындағы денедегі артық салмақтың және семіздіктің таралуы бойынша жүктілікті жоспарлау кезеңінде, жүктілік кезінде және бала емізетін әйелдерге немесе осы аталған мәліметтері жоқадамдардағы зерттеу әлеуетін және зерттеулер өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұлттық деректер бойынша талдау.
Жамиля Е. Баттакова,http://orcid.org/0000-0001-7302-4634 Салтанат Б. Мукашева,http://orcid.org/0000-0001-6050-6669 Шынар З. Абдрахманова,http://orcid.org/0000-0003-3504-0427 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығы, Алматы қ., Қазақстан
1. Ensenauer R., Chmitorz A., Riedel C., Fenske N., Hauner H., Nennstiel-Ratzel U., et al. Effcts of suboptimal or excessive gestationalweight gain on childhood overweight and abdominal adiposity: results from a retrospective cohort study // Int J Obes (Lond). 2013, 37(4). pp.505-512. 2. Good maternal nutrition the best start in life. World Health Organization, Copenhagen, 2016. 3. Innis S.M. Metabolic programming of long-term outcomes due to fatty acid nutrition in early life // Matern Child Nutr. 2011, 7 Suppl 2: pp.112-123. 4. Langley-Evans D.C., McMullen S. Developmental origins of adult disease // Med Princ Pract. 2010, 19(2). pp. 87-98. 5. Palou M., Konieczna J., Torrens J.M., Sánchez J., Priego T., Fernandes M.L., et al. Impaired insulin and leptin sensitivity in the offpringof moderate caloric-restricted dams during gestation is early programmed // J Nutr Biochem. 2012, 23(12). pp.1627-1639. 6. Poston L., Harthoorn L.F., van der Beek E.M. Obesity in pregnancy: implications for the mother and lifelong health of the child. Aconsensusstatement // Pediatr Res. 2011, 69(2), pp.175-180. 7. Warner M.J., Ozanne S.E. Mechanisms involved in the developmental programming of adulthood disease // Biochem J. 2010, 427(3). pp.333-347. 8. Zhang S., Rattanatray L., Morrison J.L., Nicholas L.M., Lie S., McMillen I.C. Maternal obesity and the early origins of childhood obesity:weighing up the benefis and costs of maternal weight loss in the periconceptional period for the offpring // Exp Diabetes Res. 2011, 585749. pp.1-10.
Көрген адамдардың саны: 1184

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Конференцияның есебі

Библиографиялық сілтемелер

Баттакова Ж.Е., Мукашева С.Б., Абдрахманова Ш.З. Отчет о конференции: международное консультативное совещание Всемирной Организации Здравоохранения по вопросам питания во время беременности (27-28 июня 2016г., Рига, Латвия)/ / Наука и Здравоохранение. 2016. № 4. С. 166-172. Battakova Zh.Е., Mukasheva S.B., Abdrakhmanova Sh.Z. Report about the conference: the International Report about the conference: the international Wоrld Health Organization consultation on nutrition and pregnancy (27-28 June 2016, Riga, Latvia). Nauka i Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 5, pp. 166-172. Баттакова Ж.Е., Мукашева С.Б., Абдрахманова Ш.З. Конференция туралы баяндама: Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жүктілік кезіндегі тамақтану мәселелері бойынша халықаралық кеңестік мәжілісі (2016 жылы 27-28 маусым, Рига, Латвия) / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 5. Б. 166-172

Авторизируйтесь для отправки комментариев