Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АРТЕРИАЛЬДІ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫ БАР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛІ
Мақсаты. Жүкті әйелдердің артериальді гипертензиясының ағым ерекшеліктерін және таралуын оқу және амбулаторлы жағдайда жүргізу тәсілін ұсыну. Материалы және әдістері. Алматы қ. қалалық емханасының (ҚЕ) әйелдер кеңесінде тұратын жасы 19 бастап 42 дейін (орташа жасы 33,2±2,53) 64 жүкті әйел қаралып тексерілді. Барлық жүкті әйелдерге: жалпы қарап тексеру, лабораторлы-инструментальді зерттеулер: ЖҚА, ЖЗА, биохимия: жалпы белок, қант, АЛТ, АСТ, холестерин, креатинин, мочевина, коагулограмма, ЭКГ, ЭхоКГ, бүйрек УДЗ, АҚҚ бақылау, көз түбін зерттеу жүргізілді. Нәтижесі. Жүкті әйелдерде артериальді гипертензияның емін, дәрігер-терапевт іске асырады. Гипертензивті жағдайлар – бұл жиі терапевтік проблема болып табылады, ол жүктілік кезінде пайда болады және 20-30% жағдайда ана өліміне әкеледі. Артериальді гипертензияның қауіп қатерлігі жүктіліктің алғашқы этаптарында дереу профилактикалық шараларды жүргізуге белгі болып табылады. Жүктілік кезінде артериальді гипертензияның терапевтік тактикасы қатан оқуды талап етеді. Тек комплексті терапия, яғни препараттарды таңдау, фитопрепараттар, антикоагулянттар, профилактикалық шаралар максимальді түрде ана мен бала организмі жағынан асқынулардың алдын алады. Қорытынды. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша халық арасында аурудың өсу динамикасы 1,8% байқалады. Жүкті әйелдерде артериальді гипертензияның қауіп қатерлігі ауыр жанұялық анамнез, мөлшерден тыс дене салмағы және төмен әлеуметтік-экономикалық статус болып табылады. Жүкті әйелдерде артериальді гипертензияның комплексті терапиясы эффективті, қауіпсіз және оптимальді болу керек, сонымен қатар преэклампсия, құрсақ ішілік даму кідірісін және нәресте өлімін, мерзімнен бұрын босану қауіпін төмендету қажет.
М.Ғ. Ноғаева, С.А. Тулеутаева, Г.А. Авкубаева С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ. Амбулаторлы-емханалық терапия кафедрасы, №5 қалалық емхананың әйелдер кеңесі
1. Статистический сборник «Здоровье населения РК и деятельность организаций здравоохранения в 2011 году». - Астана: 2012. – С. 17 – 19. 2. Ребров Б.А. Лечение артериальной гипертензии при беременности // Артериальная гипертензия. – 2011. - №4(18). Доступно: http://www.mifua.com/archive/article/ 21162 3. Беременность и экстрагенитальные заболевания // Министерство здравоохранения РК, Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии. – Алматы. – 2013. – С. 86 -101. 4. Клиническое руководство по гипертензии и её ле-чению во время беременности (краткая версия) // Рес-публиканский центр развития здравоохранения МЗ РК, центр стандартизации. – Астана. – 2012. - С. 9-20. 5. Верткин А.Л., Ткачева О.Н. и др. Артериальная гипертония беременных: диагностика, тактика ведения и подходы к лечению // Лечащий врач. – 2006. - № 3. – С. 21-27. 6. Ткачева О.Н., Рунихина Н.К. и др. Спорные во-просы артериальной гипертензии в период беременно-сти // Фарматека. – 2012. - № 4. - С. 1-7.
Көрген адамдардың саны: 503

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Мақалалар

Библиографиялық сілтемелер

Ногаева М.Г.1, Тулеутаева С.А.1, Авкубаева Г.А. 2 ТАКТИКА ВЕДЕНИЯ БЕРЕМЕННЫХ ЖЕНЩИН С АРТЕРИАЛЬНОЙ ГИПЕРТЕНЗИЕЙ // Наука и Здравоохранение 2014.№ 2. С.52-54 Nogayeva M.G. 1, Tuleutayeva S.A. 1, Avkubaeva G.A. 2 TACTICS MANAGEMENT PREGNANCY WOMEN WITH ARTERIAL HYPERTENSION // Nauka i Zdravookhranenie. 2014.№ 2. С. 52-54 Ноғаева М.Ғ., Тулеутаева С.А., Авкубаева Г.А. АРТЕРИАЛЬДІ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫ БАР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛІ // Ғылым және Денсаулық сақтау 2014.№ 2. С. 52-54

Авторизируйтесь для отправки комментариев