Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН АДАМДАРДЫҢ ТОПТАРЫНДАҒЫ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯНЫҢ ҚАУПІ МЕН ТАРАЛУЫН БАҚЫЛАУ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы әлемдегі уран қорының шамамен 25% ие және уран кені бойынша әлемде жетекші орын алады.Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы аумағында байыту қондырғыларының қалдықтары, үймелік сілтісіздендіру қатарлары, гидрометаллургиялық зауыттардың қалдыққоймасы, өңделмеген шикізат кенінің үйінділері ретінде 200 млн тоннадан астам уран кенінің қалдықтары жинақтаған. Олар радиоактивті және химиялық ластану көзі ретінде қоршаған ортаға үлкен қауіп болып табылады. Қазіргі уақытта республикада радиоактивті қалдықтардың бірнеше қалдық қоймалары пайдаланылады. Олардың ішіндегі ең ірісі 1956 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Степногорск тау-кен химиялық комбинатының гидрометаллургиялық зауытының радиоактивтік қалдықтарының қалдыққоймасы пайдаланылуда, зауыт өз кезегінде уран тотығы мен басқа да сирек металдар өндірісінің ірі кешендерінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі түрлері - уран кенін өңдеудегі қалдықтар құрамындағы радионуклидтер қауіптің бірінші класына жатады. Оның өндірілуі республика уранның өндірісінің ұлғаюы мен техногенді радиациялық және токсиндік әсерлер кешенінің жоғарлауына әкеледі. Бұл ретте уран өңдеу кәсіпорындарының радиоактивті қалдықтар қоймасының техногенді факторлары оның әсер ету аймағында тұратын халыққа иондаушы сәулелердің төмен дозаларының әсерін бағалау және сомотикалық аурушаңдық қаупін зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу мақсаты: уран өңдеу кәсіпорнының радиоактивті қалдықтарын сақтау қоймасының техногендік факторларының осы аймақта тұратын адамдардың топтарындағы артериялық гипертензияның қаупі мен таралуына ықтимал әсерін бағалау. Зерттеу материалдары мен әдістері: Негізгі топ - уран өндірісінің радиоактивті қалдықтарының қоймаларына жақын тұратын халық, сондай – ақ бақылау тобы-Степногорск қаласынан 100 км-ден астам жерде орналасқан Ақкөл қаласы тұрғындарының соматикалық аурулардың жиілігіне және даму тәуекеліне теріс техногендік факторлардың ұзақ мерзімді әсеріне ұшыраған адамдар арасында когортты ретроспективті зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеу 399 адамды қамтиды, оның ішінде 255 адам негізгі топ және 174 адам бақылау тобы. Зерттеу нәтижелері IBM SPSS Statistics 20 бағдарламалық өнімін және Microsoft Excel бағдарламасын пайдалану арқылы өңделді. Зерттеу нәтижелері: Зерттеулер көрсеткендей, аз мөлшерде ұзақ сәулелендіру соматикалық аурушаңдықтың өсуіне әкелуі мүмкін. Радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларына жақын тұратын адамдарға жүрек-қан тамырлары жүйесінің патологиясы тән болып табылады, оның құрылымында бірінші дәрежелі орынды артериялық гипертензия – 83% алады, бұл иондаушы сәуле шығарудың кіші дозаларының халық арасында артериялық гипертензияның қаупі мен таралуына ықтимал әсерін көрсетеді. Қорытынды: Алынған деректер халықтың осы аумақта ұзақ өмір сүруі артериялық гипертензия ауруларының таралуына айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді.
Құралай Б. Ілбекова 1, https://orcid.org/0000-0001-9950-9808 Дуйсебай Д. Джанабаев 1, https://orcid.org/000-0001-8051-6637 Полат Қ. Қазымбет 1, https://orcid.org/0000-0003-3091-1721 Молдир Н. Аумаликова 1, https://orcid.org/0000-0002-4242-9193 Мейрат M. Бахтин1, https://orcid.org/0000-0001-6117-5101 Данара С. Ибраева 1, https://orcid.org/0000-0002-1640-1728 1 Радиобиология және радиация қорғау Институты КеАҚ «Астана медицина университеті», Нұр-Сұлтан, қ., Қазақстан Республикасы
1. Аклеев А.В., Киселев М.Ф. Медико-биологические и экологические последствия радиоактивного загрязнения реки Теча // Медицинская радиология и радиационная безопасность 2001. С.196-197. 2. Дюсембаева Н.К., Шпаков А.Е., Рыбалкина Д.Х., Салимбаева Б.М., Дробченко Е.А., Уресаев А.О. Состояние здоровья населения радиоактивно-загрязненных территорий // Гигиена труда и медицинская экология. 2016. №4 (53). С.8-9. 3. Заборовский Г.И., Барцевич И.Г. Соотношение заболеваемости, инвалидности и смертности вследствие болезней системы кровообращения // Журнал ГрГМУ. 2010. №4. С.36-37. 4. Ibrayeva D., Bakhtin M., Kashkinbayev Y., Kazymbet P., Zhumadilov K., Altaeva N., Aumalikova M., Shishkina E. Radiation situation in the territories affected by mining activities in Stepnogorsk areas, Republic of Kazakhstan: pilot study // Radiation protection dosimetry, 2020, 189(4), С. 517-526. 5. Кашкинбаев Е.Т., Сайфулина Е.А., Скаков М.Ж., Токлаева С.А., Хусаин Ш.К., Бахтин М.М., Казымбет П.К. Распространенность заболеваний у населения, проживающего в зоне влияния хранилищ радиоактивных отходов. Валеология денсаулық - ауру - сауықтыру 2018. №4. С.139-140. 6. Куруптурсунов А.А. Анализ заболеваемости населения Саратовской области болезнями системы кровообращения // Бюллетень Медицинских Конференций. 2012. Т.2. №11. С.2-3. 7. Карпов А.Б., Семенов Ю.В., Литвиненко Т.М. и соавт. Сердечно-сосудистая система и ионизирующее излучение. Ч. I. Острый инфаркт миокарда // Под общ. ред. Р.М. Тахауова. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 2009. С. 175-179. 8. Фролова Е.В. Артериальная гипертензия // Russian Family Doctor. 2016. 20 (2). С. 6-18. References: 1. Akleev A.V., Kiselev M.F. Mediko-biologicheskie i ekologicheskie posledstviya radioaktivnogo zagryazneniya reki Techa [Biomedical and environmental effects of radioactive contamination of the Techa River]. Meditsinskaya radiologiya i radiatsionnaya bezopasnost 2001. pp. 196-197 [in Russian]. 2. Dyusembaeva N.K., Shpakov A.E., Rybalkina D.Kh., Salimbaeva B.M., Drobchenko E.A., Uresaev A.O. Sostoyanye zdorovya naseleniya radioaktıvno-zagryaznennykh territorii [The health status of the population of radioactively contaminated territories]. Occupational health and medical ecology. 2016. №4 (53), pp.8-9 [in Russian]. 3. Zaborovsky G.I., Bartsevich I.G. Sootnoshenie zabolevaemosti, invalidnosti i smertnosti vsledstvie boleznej sistemy krovoobrashcheniya [The ratio of morbidity, disability and mortality due to diseases of the circulatory system]. Journal of GrGMU. 2010 №4. рр 36-37 [in Russian]. 4. Ibrayeva D., Bakhtin M., Kashkinbayev Y., Kazymbet P., Zhumadilov K., Altaeva N., Aumalikova M., Shishkina E. Radiation situation in the territories affected by mining activities in Stepnogorsk areas, Republic of Kazakhstan: pilot study// Radiation protection dosimetry, 2020, 189(4), рр. 517-526. 5. Kashkinbaev E.T., Sayfulina E.A., Skakov M.Zh., Toklaeva S.A., Khusain Sh.K., Bakhtin M.M., Kazymbet P.K. Rasprostranennost' zabolevanii u naseleniya, prozhivayushchego v zone vliyaniya hranilishch radioaktivnyh otkhodov [The prevalence of diseases in the population living in the zone of influence of radioactive waste storage]. [Valeology-health-disease-recovery], 2018. №4, pp.139-140 [in Russian]. 6. Kuruptursunov A.A. Analiz zabolevaemosti naseleniya Saratovskoj oblasti boleznyami sistemy krovoobrashcheniya [Analysis of the morbidity of the population of the Saratov region by circulatory system diseases]. Byulleten' meditsinskikh konferentsii [Bulletin of Medical Conferences]. 2012. №11. pp. 2-3 [in Russian]. 7. Karpov A.B., Semenov Yu.V., Litvinenko T.M., Ed. Takhauova R.M. Serdechno-sosudistaya sistema i ioniziruyushchee izluchenie. Ch. I. Ostryi infarkt miokarda. [Cardiovascular system and ionizing radiation. Part I. Acute myocardial infarction]. Tomsk: Publishing house of Tomsk university, 2009. pp. 175-179 [in Russian]. 8. Frolova E.V. Arterial'naya gipertenziya [Hypertension] Russian Family Doctor. 2016. 20 (2). С. 6-18 [in Russian].
Көрген адамдардың саны: 202

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Ілбекова Қ.Б., Джанабаев Д.Д., Қазымбет П.Қ., Аумаликова М.Н., Бахтин М.M., Ибраева Д.С. Радиоактивті қалдықтарды сақтау аймағында тұратын адамдардың топтарындағы артериялық гипертензияның қаупі мен таралуын бақылау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 5 (Т.22). Б. 109-115. doi 10.34689/SH.2020.22.5.011

Авторизируйтесь для отправки комментариев