Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ТОПТАРДЫҢ ТУБЕРКУЛЕЗ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАБАРДАР БОЛУ ДЕҢГЕЙІ
Кіріспе: Туберкулез бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстанда да денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасына қарамастан, Қазақстанда туберкулездің дәріге төзімді түрлері жағдайларының өсу проблемалары, асқынған жағдайларды тіркеу, емдеуден қол үзу жағдайлары шешілмеген күйінде қалып отыр. Халықтың негізгі топтарында медициналық көмек көрсетудің белгілі бір қиындықтары тіркеледі. Жалпы халықтың және оның жекелеген топтарының туберкулез туралы хабардар болу деңгейін зерттеу ел тұрғындарының туберкулезге қатынасы мен мінез-құлқын өзгерту, стигма мен кемсітушілікті азайту мақсатында халықты туберкулез туралы хабардар ету мәселелерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Мақсаты – Қазақстан Республикасы халқының туберкулез мәселелеріндегі хабардарлық деңгейін, қарым-қатынасын, мінез-құлқын зерделеу. Материалдар мен әдістер: Бұл зерттеу сауалнамаларды толтыру және терең сұхбаттасу әдісі арқылы бір мезеттік әлеуметтік зерттеу болып табылады. Зерттеу құралы ретінде ДДҰ-ның «A Guide to developing knowledge, attitude and practice surveys» (2008ж.) нұсқаулығында ұсынылған сауалнамасы мысал негізінде алынды. Сауалнама респонденттердің әрбір тобы үшін жеке әзірленді және қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды. Жалпы респонденттердің саны - 3700 адам; АИТВ-мен өмір сүретін адамдар (АИТВӨА); есірткі қолданатын адамдар (ЕҚА); ішкі мигранттар (ІМ); медицина қызметкерлері (МҚ). Статистикалық талдау үшін Stata: Release 15 пакеті қолданылды. Категориялдық айнымалылар үлес (%) және сандық үздіксіз айнымалылар – орташа мәндер ретінде есептелді. Нәтижелері: Туберкулез ауруы проблемасының ауырлығын түсінетіндігін куәландыратын бағалау бойынша – ішкі мигранттар (64%) мен жалпы халық (69%) арасындағы көрсеткіштерге қарағанда АИТВӨА (77%) және ЕҚА (86%) үлесі едәуір жоғары. АИТВӨА (71%) және ЕҚА (75%) қоғамдастықтарының өкілдері жалпы халыққа (57%) және ішкі мигранттарға (58%) Қарағанда Қазақстандағы туберкулез проблемасын «өте ауыр» деп бағалайды. Туберкулездің негізгі белгілері мен симптомдары туралы ақпарат АИТВӨА мен ЕҚА арасында жоғары, олар жалпы халық пен ішкі мигранттарға қарағанда аурудың негізгі белгілерін жиі атады. Жалпы халықтың (79%) және ішкі мигранттар (78%) арасындағы респонденттерге қарағанда АИТВӨА мен ЕҚА аурудың ауалы-тамшылы жолын жиі атады (94%). Аурудың жалпы ыдыс-аяқ арқылы және бір тағамды бірге жеу арқылы таралуын ішкі мигранттармен салыстырғанда АИТВӨА, ЕҚА және жалпы халық жиі атап өтті. Кез-келген адамның туберкулезбен ауыруы мүмкін екендігі туралы жалпы халыққа (86%) және ішкі мигранттарға (73%) қарағанда, АИТВӨА (93%) және ЕҚА (89%) хабардар екендігі байқалды. Қорытынды: халықтың ТБ туралы хабардарлығын зерттеу нәтижелері жалпы халықтың туберкулез туралы белгілі бір білімі бар екенін көрсетті және ТБ туралы негізгі ақпараттың көздері теледидар, медицина қызметкерлері, отбасы мүшелері мен достары екендігін атап өтті. Бұл халықты ТБ туралы ақпараттандыруды күшейту үшін ақпараттандырудың осы аталған әдістеріне баса назар аудару қажеттілігін айқындайды. Зерттеу нәтижелері мақсатты зерттеу топтарының басым көпшілігі (82%-95%) туберкулезге күдік туындаған жағдайда ғана медициналық ұйымдарға жүгінетінін көрсетті. Сондай-ақ әрбір оныншы АИТВӨА (12,5%) өздерінің тұрғылықты жері бойынша ЖИТС орталықтарына жүгінеді. Респондеттердің 82% медициналық ұйымдарға жүгінгенін атап өтсе де, медициналық ұйымдарға жүгінудің салыстырмалы түрде төмен деңгейі ішкі мигранттар арасында байқалады, олардың 10% өзін-өзі емдеумен айналысады, 6% емшілерге жүгінеді, тағы 6% дәрі-дәрмектер үшін тікелей дәріханаға жүгінеді, яғни іс жүзінде олар өздігінен емделушілер болып саналады.
Алтын М. Арингазина1, Надира Н. Айтамбаева1, Ләйла З. Назарова1, Гульжан Т. Алимбекова2, Шахимурат Ш. Исмаилов3, Малик М. Аденов4, Панагуль М. Джазыбекова4, Гульназ А. Мусабекова3, Эльмира А. Аликеева3 1 «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; 2 Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; 3 Жаһандық қор жобаларын іске асыру тобы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; 4 Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
1. Аликеева Э.А., Арингазина А.М., Берикова Э.А., Джазыбекова П.М., Рыскулов Г.П. Особенности туберкулезной инфекции на современном этапе развития // Фтизиопульмонология. 2017. №2 (30). С.19 – 22. 2. Белиловский Е.М., Фаворов М.О. Выявление туберкулеза в странах Центральной Азии по данным электронной системы надзора // Проблема туберкулеза и болезней легких. 2008. (9): 6-10. 3. Валиев Р.Ш. Методология образовательных программ для населения в вопросах туберкулеза для организации противотуберкулезных мероприятий. В кн: Материалы VII Рос. съезда фтизиатров. Москва, 2003. С. 186. 4. Плеханова М.А., Мордык А.В., Подкопаева Т.Г. Оценка санитарной грамотности подростков по вопросам туберкулеза // Сибирское медицинское обозрение. 2012. Т. 73 (1):55-57. 5. Нечаева О.Б., Эйсмонт Н.В. Хирургическая помощь больным туберкулезом при сочетании с ВИЧ-инфекцией // Туберкулез и болезни легких. 2012. (3):24-30. 6. Ayik S., Tavusbay N., Alpte-Kin S. Knowledge of high school students about tuberculosis // Eur. Resp. J 2005. - Vol. 26: 1254p. 7. Guidance «A guide to developing knowledge, attitude and practice surveys». 2008, 18p. 8. Mishkin K., Alaei K., Paynter K., Alikeeva E.A., Aringazina A., Alaei A. The association between ARV and TB drug resistance on TB treatment outcome among Kazakh TB/HIV patients // Journal of Global Antimicrobial Resistance, 2018, 14 p. 104-108 References: 1. Alikeeva E.A., Aringazina A.M., Berikova E.A., Dzhazybekova P.M., Ryskulov G.P. Osobennosti tuberkuleznoi infektsii na sovremennom etape razvitiya [Features of tuberculosis infection at the present stage of development. Ftiziopul'monologiya [Phthisiopulmonology]. 2017. №2 (30). pp.19–22. [in Russian] 2. Belilovskii E.M., Favorov M.O. Vyyavlenie tuberkuleza v stranakh Tsentral'noi Azii po dannym elektronnoi sistemy nadzora [Detection of tuberculosis in the countries of Central Asia according to the data of the electronic surveillance system]. Problema tuberkuleza i boleznei legkikh [The problem of tuberculosis and lung disease]. 2008; ( 9): 6-10. [in Russian] 3. Valiev R.Sh. Metodologiya obrazovatel'nykh programm dlya naseleniya v voprosakh tuberkuleza dlya organizatsii protivotuberkuleznykh meropriyatii. V kn: Materialy VII Ros. s"ezda ftiziatrov [Methodology of educational programs for the population in tuberculosis issues for organizing anti-tuberculosis activities.Materials VII Ros. congress of phthisiatricians]. Moscow Moskva, 2003. pp. 186. [in Russian] 4. Plekhanova M.A., Mordyk A.V., Podkopaeva T.G. Otsenka sanitarnoi gramotnosti podrostkov po voprosam tuberkuleza [Assessment of health literacy of adolescents on tuberculosis]. Sibirskoe meditsinskoe obozrenie. [Siberian Medical Review] 2012. T. 73 (1): 55-57. [in Russian] 5. Nechaeva O.B., Eismont N.V. Khirurgicheskaya pomoshch' bol'nym tuberkulezom pri sochetanii s VICh-infektsiei [Surgical care for patients with tuberculosis in combination with HIV infection]. Tuberkulez i bolezni legkikh [Tuberculosis and lung disease] 2012 (3): 24-30. [in Russian] 6. Ayik S., Tavusbay N., Alpte-Kin S. Knowledge of high school students about tuberculosis. Eur. Resp. J 2005. - Vol. 26: 1254p. 7. Guidance «A guide to developing knowledge, attitude and practice surveys» 2008, 18p. 8. Mishkin K., Alaei K., Paynter K., Alikeeva E.A., Aringazina A., Alaei A. The association between ARV and TB drug resistance on TB treatment outcome among Kazakh TB/HIV patients. Journal of Global Antimicrobial Resistance, 2018, 14 p. 104-108
Көрген адамдардың саны: 181

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Арингазина А.М., Айтамбаева Н.Н., Назарова Л.З., Алимбекова Г.Т., Исмаилов Ш.Ш., Аденов М.М., Джазыбекова П.М., Мусабекова Г.А., Аликеева Э.А. Қазақстан Республикасы халқының және негізгі топтардың туберкулез мәселелері бойынша хабардар болу деңгейі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 67-77. doi 10.34689/SH.2021.23.5.008

Авторизируйтесь для отправки комментариев