Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАНДА ПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
Өкпенің созылмалы аурулары дүние жүзінде ауру мен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы пульмонологиялық қызметтің дамуы пульмонология саласындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды жандандыруға бағытталған бірқатар маңызды ұйымдастырушылық шараларға байланысты. Кәсіптік қызметтің кешенді бағдарламалары негізінде жүйелі түрде қолданылатын және күнделікті тәжірибеге енгізілген ұйымдастыру-әдістемелік технологиялар мен саланы басқару жүйесін жаңғырту пульмонологиялық тәжірибеде медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға арналған. Бұл зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы пульмонологиялық қызметтің ұйымдастырылуын талдау және проблемалары мен одан әрі жетілдіру перспективаларын анықтау. Материалдары мен әдістері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметтері талданды. Қазақстан Республикасындағы пульмонологиялық қызметтің ұйымдастырылуы құқықтық құжаттар негізінде зерттелді. Зерттеудің библиографиялық, ақпараттық-аналитикалық және статистикалық әдістері қолданылды. Нәтижелер мен қорытындылар: Тыныс алу жолдарының ауруларынан болатын аурушаңдық пен өлім-жітім, әсіресе пандемия кезінде өсуде. Осыған байланысты МСАК дәрігерлерінің қызметінде ақпараттық технологияларды және кәсіби қоғамдастықтардың ұсыныстарын қолдану дәрежесін, бронх-өкпе аурулары бар науқастар үшін медициналық көмек көрсету тәртібін реттейтін негізгі ұйымдастырушылық, әкімшілік және нормативтік құқықтық актілерден хабардар болуын талдау өте өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта науқастарға пульмонологиялық көмекті дамыту үшін жақсы алғышарттар жасалған.
Ғалия С. Базарбекова1, https://orcid.org/0000-0003-3884-1561 Балнұр Ж. Аман1, https://orcid.org/0000-0002-3289-5123 Айнұр Б. Құмар1*, https://orcid.org/0000-0003-0457-7205 1Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Көрген адамдардың саны: 92

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Базарбекова Ғ.С., Аман Б.Ж., Құмар А.Б. Қазақстанда пульмонологиялық қызметті ұйымдастыру: проблемалары мен болашағы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 30-35. doi 10.34689/SH.2022.24.3.004

Авторизируйтесь для отправки комментариев