Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
Алдыңғы жылдардағы жарияланымдарды мына сілтеме бойынша көруге болады
Жариялымдар мұрағатта
60Co ӘСЕРІНЕ ҰШЫРАҒАН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ӘР ТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ ҰРПАҒЫНЫҢ ЖІҢІШКЕ ІШЕК ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНДЕГІ ЭНЕРГИЯ АЛМАСУ ҮРДІСІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
Шағын дозадағы (0,2 Гр) гамма-сәуленің әсеріне ұшыраған егеуқұйрықтардың 1-ші ұрпағының 2, 5 және айлық ұрпақтарының жіңішке ішек лимфа түйіндерінде энергиялық алмасу ферменттері - сукцинатдегидрогеназа мен цитохромоксидаза белсенділігін анықтау. Эксперименттік зерттеу радиация әсеріне ұшыраған ақ түсті егеуқұйрықтардың аталық пен аналық жынысты ұрпақтарына жасалды. Тәжірибенің мәні гамма-сәуле әсерінен ұшыраған және интактты егеуқұйрықтар ұрпақтарының 2, 5 және 10 айлық ұрпақтарының жіңішке ішек лимфа түйіндеріндегі энергия алмасу жағдайы зерттелді. Жануарларды сәулелендіру «Терагам» ...
Толығырақ
2015 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 72-81

УАҚЫТЫНАН ЕРТЕ ТУУДЫҢ ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАРЫ
Автор (лар): Жұмақанова К.С.
Уақытынан ерте туу қазіргі заманғы гинекология және перинатология саласының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені шала туған балалар перинатальды ауру мен өлімнің 60-70% және балалар арасындағы мүгедектіктің басым бөлігін құрайды Бұл мәселе шала тууды ерте диагностикалау жаңа заманауи әдістерді енгізуді талап етеді. Ерте туудың себеп салдарын зерттеу барысында оның басты предикторларын да іздестіру маңызды. Бүгінгі күнде ерте тууды болжайтын әдістердің және биомаркерлердің сезімталдығы 40-60% болғандықтан ерте туудың тең жартысын болжау және оның алдын алу мүмкін болмай тұ...
Толығырақ
2015 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 39-49

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУНІҢ НӘТИЖЕЛІ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ӘДІСТЕУ)
Автор (лар): Даутбаева Г.Р.
Кіріспе. Кадрлық ресурстар жоғары әлеуметтік және экономикалық ықпал тудыра отырып, денсаулық сақтау саласының дамуы мен қызметінде түбегейлі рөл атқарады. Медициналық жоғары оқуорындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу денсаулық сақтау жүйесінің өңірлік ерекшеліктеріне, әлеуметтік инфрақұрылым деңгейіне, орындарда қаржының және психологиялық қолдаудың болуына, кадрлық ресурстар мониторингі жүйесінің болуына байланысты.
Мақсаты. Денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық саясат және саланы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету саласында тиімді ынтымақтастықты, жергілікті...
Толығырақ
2015 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 103-112

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНА ӘЗІРЛЕУ
Мақалада болашақ дәрігерлердің өзін-өзі анықтауды қамтамасыз ететін кәсіби-бағытталған тәсілдемесін қалыптастыру және болашақ студенттердің дәрігер мамандығын таңдау сұрақтары қарастырылады. Егер әрбір қызмет ғылыми негізделіп, жоспарлы және мақсатты орындалса, үйлесімді нәтижелерге жетуге тек сол кезде ғана жетуге болады. Сол себепті, бүгінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының алдында кәсіби құзырлы, эконикалық және ұйымдастыру- басқарушылық сауатты мамандарды дайындау мақсаты қойылған. Кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша зерттемелерге сүйене отырып, «кәсіби бағдарлау» сөзінің...
Толығырақ
2015 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 93-102