Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕСУРСТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІН ТАЛДАУ
Кіріспе. Соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қызметі қызмет көрсеткен өтініштер саны 2010 жылғы 5 781 241 шақыртудан 2020 жылы 6 994 864 шақыртуға дейін өсті (ҚР ДСМ 2010-2020). Аурулардың хронизациясына және науқастардың жағдайының ауырлауына байланысты жедел медициналық көмекке жүгіну саны тұрақты өсуде (Верткин А. Л., 2012). 2020 жылы Шығыс Қазақстан облысында 517 672 қоңырауға және Павлодар облысында 286435 қоңырауға қызмет көрсетілді (ҚР ДСМ 2020). Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде адамдардың шамамен 20%-ы ауруханаға дейінгі кезеңде білікті медициналық көмектің болмауы және уақтылы көрсетілмеуі салдарынан қайтыс болады (Барклая В.И., 2007). Мақсаты: Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жедел медициналық жәрдем станциясының қажеттілігі мен медициналық ресурстармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу. Материалдар мен әдістер: 2010-2020 жылдары Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде қажеттілікке және медициналық ресурстармен қамтамасыз етілуге салыстырмалы ретроспективті талдау "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі" статистикалық жинақтарының деректері бойынша жүргізілді. Нәтижелері: Павлодар облысында дербес жедел медициналық жәрдем станцияларының саны 3 есеге азайды. Бұл ретте, Шығыс Қазақстан облысына шығу саны 2010 жылғы 666336-дан 2020 жылы 517672-ге дейін 1.3 есе азайды. Оның ішінде, дәрігерлік бригадалар саны Шығыс Қазақстан облысында 2010 жылы 51 иә 2020 жылы 13-тен 4 есе азайды. Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысындағы кардиологиялық бригадалар саны 2010 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 0-ге жетті – 24 бригада. Айта кету керек, мамандандырылған психиатриялық бригадалар саны 2017-2020 жылдары республика бойынша да, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында да 0-ге дейін қысқарды. Қорытынды: Осылайша, зерттелетін кезеңде (2010-2020 жж.) Павлодар облысында дербес жедел медициналық жәрдем станцияларының саны қысқарды. Шығыс Қазақстан облысында сапарлардың жалпы саны, сондай-ақ жалпы бейінді дәрігерлік және педиатриялық бригадалар саны қысқарды. Айта кету керек, психиатриялық бригадалар саны республика бойынша да, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында да 0-ге жетті.
Диана К. Кусаинова1, https://orcid.org/0000-0003-2229-2270 Зайтуна А. Хисметова1, https://orcid.org/0000-0001-5937-3045 Динара С. Серикова-Есенгельдина1, https://orcid.org/0000-0002-9470-9488 Гульзат Ж. Сарсенбаева2, https://orcid.org/0000-0002-1518-6528 Жанат У. Садибекова2, https://orcid.org/0000-0003-1789-1834 Еркежан Д. Әшімова1, https://orcid.org/0009-0005-8358-3911 1 «Семей медицина университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы; 2 «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
1. Барклая В.И. Совершенствование системы подготовки фельдшеров скорой медицинской помощи для работы в условиях ликвидации медицинских последствий чрезвычайных ситуаций. Диссертация на соискание ученой степени кандидата медицинских наук, 2007. С. 156. https://cemp.msk.ru/files/nd/nt/2007.pdf 2007. (Дата обращения 15.03.2023) 2. Верткин А.Л. Национальное руководство по скорой помощи, "Эксмо", Москва, 2012. С.415 3. Деятельность организации здравоохранения и здоровье населения Республики Казахстан: 2010 год: Стат. сборник. Астана-Алматы, 2011. 312 С. https://www.nrchd.kz/files/sbornik/2010-2011.pdf. (дата обращения 15.12.2022) 4. Деятельность организации здравоохранения и здоровья населения Республики Казахстан в 2020 году. Стат. сбороник. - Нур-Султан. 2021. 324 С. https://disk.yandex.kz/i/M. (дата обращения 20.11.2022) 5. «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения». Статистический сборник ННЦРЗ имени С. Каирбековой, Астана, 2010-2020, С.159-161 https://www.nrchd.kz/index.php/ru/?option=com_content&view=article&id=973. (Дата обращения 21.10.2022) 6. Alberto Mortaro, Diana Pascu, Tamara Zerman, Enrico Vallaperta, Alberto Schönsberg, Stefano Tardivo, Serena Pancheri, Gabriele Romano F.M. The role of the emergency medical dispatch centre (EMDC) and prehospital emergency care safety: results from an incident report (IR) system 2015;17(4):411-419. 7. Brynza N.S., Suldin A.M. On Day and Night Teams of Emergency Medical Care https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/29634870/ 2017. (Дата обращения: 10.01.2023). 8. Carlson L.C., Tasi M.C, Wasfy J.H, Thompson R.W, Cafiero-Fonseca E.T., Temin E.S. An Analysis of Ambulance Transport and Out-of-Network Emergency Department Utilization in an Accountable Care Organization. 2021 Oct. 24(5):576-580. 9. Chris Kingswell, Ramon Z., Shaban J.C. Concepts, antecedents and consequences of ambulance ramping in the emergency department: A scoping review // Australasian Emergency Nursing Journal. 2017. № 4 (20). C. 153–160. 10. Martin R.A., Couture R., Tasker N., Carter Ch., Copeland D.M., Kibler M. Emergency medical care of incarcerated patients: Opportunities for improvement and cost savings 2020 Apr 27;15(4). 11. Oberscheider M., Hirsch P. Analysis of the impact of different service levels on the workload of an ambulance service provider 2016 Sep 13;16(1):487. 12. WHO calls for urgent action to reduce patient harm in healthcare, 2019 https://www.who.int/ru/news/item/13-09-2019-who-calls-for-urgent-action-to-reduce-patient-harm-in-healthcare. (Дата обращения 21.12.2022) References: 1. Barklaya V.I. Sovershenstvovanie sistemy podgotovki fel'dsherov skoroi meditsinskoi pomoshchi dlya raboty v usloviyakh likvidatsii meditsinskikh posledstvii chrezvychainykh situatsii [Improving the system of training paramedics of emergency medical services to work in the conditions of elimination of medical consequences of emergency situations]. Диссертация канд. мед.наук [Cand.dissert], 2007. 156 p. https://cemp.msk.ru/files/nd/nt/2007.pdf 2007. (accessed 15.03.2023) [in Russian] 2. Vertkin A.L. Natsional'noe rukovodstvo po skoroi pomoshchi [National Ambulance Guide], "Eksmo", Moskva, 2012. p.415. [in Russian] 3. Deyatel'nost' organizatsii zdravookhraneniya i zdorov'e naseleniya Respubliki Kazakhstan: 2010 god: Stat. Sbornik [The activities of the healthcare organization and the health of the population of the Republic of Kazakhstan: 2010: Stat. collection]. Astana-Almaty, 2011. 312 p. https://www.nrchd.kz/files/sbornik/2010-2011.pdf. (accessed 15.12.2022) [in Russian] 4. Deyatel'nost' organizatsii zdravookhraneniya i zdorov'ya naseleniya Respubliki Kazakhstan v 2020 godu. Stat. sboronik [The activities of the healthcare organization and the health of the population of the Republic of Kazakhstan: in 2020: Stat. collection]. - Nur-Sultan. 2021. 324 p. https://disk.yandex.kz/i/M. (accessed 20.11.2022) [in Russian] 5. Zdorov'e naseleniya Respubliki Kazakhstan i deyatel'nost' organizatsii zdravookhraneniya v 2010 godu. Statisticheskii sbornik NNTsRZ imeni S. Kairbekovoi. [The health of the population of the Republic of Kazakhstan and the activities of healthcare organizations in 2010. Statistical compendium of S. Kairbekova National Research Center for Recreation and Health]. 2011 pp. 159 https://www.nrchd.kz/index.php/ru/?option=com_content&view=article&id=973. (accessed 15.12.2022) [in Russian]
Көрген адамдардың саны: 264

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Кусаинова Д.К., Хисметова З.А., Серикова-Есенгельдина Д.С., Сарсенбаева Г.Ж., Садибекова Ж.У., Әшімова Е.Д. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жедел медициналық жәрдем станциясының қажеттілігі мен медициналық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 94-100. doi 10.34689/SH.2023.25.3.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев