Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ПРОКСИМАЛЬДЫ БӨЛІГІНІҢ СЫНЫҚТАРЫН ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӘЗІРЛЕУ. БИОМЕХАНИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ ӨТКІЗУ.
Өзектілігі. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің сынықтары тірек-қимыл жүйесінің барлық сынықтарынын 5-10% құрайды. Әлемдік әдебиеттерде жоғарыда аталған сынықтарды хирургиялық емдеудің көптеген әдістері сипатталған, бірақ әлі күнге дейін қабылданған стандарт жоқ. Осыған байланысты тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарынын хирургиялық оңалту нәтижелерін жақсарту үшін импланттардың жаңа түрлерін, әртүрлі хирургиялық әдістерді ойлап табу жұмыстары әлі де жалғасуда. Зерттеудің мақсаты. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарының тұрақты-функционалды остеосинтезіне арналған жаңа құрылғы ойлап табу. Материалдар мен әдістер. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарының отеосинтезіне арналған жаңа құрылғы жасалынды. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарының әзірленген құрылғымен остеосинтезінің тұрақтылығын тексеру үшін «сүйек – фиксатор – сүйек» жүйесінде биомеханикалық зерттеу жүргізілді. «Sawbones» фирмасында жасалған Humerus, 4th Gen. тоқпан жілік модельдерінің барлығы 4 данасы қолданылды. Хирургиялық мойынының сынығы модельденіп, статикалық жүктеме режимінде 5 мм/мин қысу және 50/мин бұралу сынақтары жүргізілді. Нәтижелері. "Сүйек-фиксатор-сүйек" жүйесіндегі иық сүйегінің екі моделін қысу режимінде зерттеген кезде, шекті жүктеменің орташа мәні 1105,35 Ньютонды құрады, жоғарыда көрсетілген жүктеме кезінде сынық бөліктерінің жылжуының орташа мәні 1,61 мм құрады. "Сүйек-фиксатор-сүйек" жүйесіндегі иық сүйегінің екі моделін бұралу режимінде зерттеген кезде шекті жүктеменің орташа шамасы 16.22 Нм, ал жоғарыда көрсетілген жүктеме кезінде сынық бөліктерінің жылжуының орташа бұрышы 48.970 құрады. Тұжырым. Жүргізілген биомеханикалық зерттеу тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарын әзірленген құрылғымен остеосинтезі тұрақты екенін дәлелдеді. Зерттеуге бақылау тобы енгізілмеген, осыған байланысты болашақта стандартты құлыптама пластина қолданылған бақылау тобын қоса отырып, ақырлы элементтер әдісімен компьютерлік модельдеу жүргізу қажет.
Арман С. Мусабеков1, https://orcid.org/0000-0001-8618-0345 Ерсин Т. Жунусов2, https://orcid.org/0000-0002-1182-5257 Айдос С. Тлемисов3, https://orcid.org/0000-0002-4239-6627 Сабина К. Аубакирова1, https://orcid.org/0000-0003-1730-4230 Александр А. Проказюк1, https://orcid.org/0000-0002-6030-4749 Алишер Болатұлы1, https://orcid.org/0009-0004-4272-7758 Багдат Н. Азаматов4, https://orcid.org/0000-0001-6381-5846 1 «Семей медицина университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы; 2 Халықаралық Травматология және ортопедия ғылыми орталығы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; 3 Мүгедектігі бар адамдарға арналған абилитация және оңалту орталығы, Семей қ., Қазақстан Республикасы; 4 Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.
1. Arumugam S., Arumugam V., Raviraman V. Surgical management of proximal humerus fracture treated with locking compression plate // Int J Res Orthop. 2017. 3(6):1165. 2. Beeres F.J.P., Hallensleben N.D.L., Rhemrev S.J., Goslings J.C., Oehme F., Meylaerts S.A.G. et al. Plate fixation of the proximal humerus: an international multicentre comparative study of postoperative complications // Arch Orthop Trauma Surg. 2017. 137(12):1685–92. 3. Cappellari A., Trovarelli G., Andriolo M., Berizzi A., Ruggieri P. Reverse shoulder arthroplasty for treatment of proximal humerus complex fractures in elderly: A single institution experience // Injury – International journal of the Care of the Injured. Volume 53, supplement 1, S2-S7, March 2022. 4. Gregory T.M., Vandenbussche E., Augereau B. Surgical treatment of three and four-part proximal humeral fractures // Orthop Traumatol Surg Res. 2013. 99(1): S197–207. 5. Haasters F., Siebenbürger G., Helfen T., Daferner M., Böcker W., Ockert B. Complications of locked plating for proximal humeral fractures - are we getting any better? // J Shoulder Elb Surg. 2016. 25(10): e295–303. 6. Jacob T.T., Nayak M. Functional outcome of patients treated with proximal humeral internal locking osteosynthesis plate in proximal humeral fractures // International Journal of Research in Orthopaedics. December 2020, Volume 6, Issue 6, pages 1182-1185. 7. Kim H., Chung Y.G., Jang J.S., Kim Y., Park S. Bin, Song H.S. Why locking plates for the proximal humerus do not fit well // Arch Orthop Trauma Surg. 10 November 2020, Volume 142, pages 219-226. 8. Padegimas E.M., Zmistowski B., Lawrence C., Palmquist A., Nicholson T.A., Namdari S. Defining optimal calcar screw positioning in proximal humerus fracture fixation // J Shoulder Elb Surg. 2017. 26(11):1931–7. 9. Passaretti D., Candela V., Sessa P., Gumina S. Epidemiology of proximal humeral fractures: a detailed survey of 711 patients in a metropolitan area // J Shoulder Elb Surg. 2017. 26(12):2117–24. 10. Paulo O.T., Vincenzo G., Eder S., Hugo A., João P. C., William B., Jose´ Ricardo L.M., Hilton A.K. Biomechanical behavior of three types of fixation in the two-part proximal humerus fracture without medial cortical support // PLoS ONE. 2019 Jul 30. doi: 10.1371/journal.pone.0220523. 11. Schumaier A., Grawe B. Proximal Humerus Fractures: Evaluation and Management in the Elderly Patient. 2018. 9:1–11. 12. Seetharam C.T., Jayaram M., Bachhappa S.H., Ramalingaiah Y., Hadi S.A. Study of surgical management of fracture of proximal humerus by PHILOS plate and screws // Int J Res Orthop. 2020. 6(3):462. 13. Subash Y., Dhamu I.M. An evaluation of functional outcome following surgical management of fractures of the proximal humerus with Neer’s scoring system // Int J Res Orthop. 2017. 4(1):46. 14. Vachtsevanos L., Hayden L., Desai A.S., Dramis A. Management of proximal humerus fractures in adults. 2014. 5(5):685–93. 15. Venkat K., Blake B., Neil K. Complications Associated with Locking Plate of Proximal Humerus Fractures // Indian J Orthop. 2018. 2(5):108–116.
Көрген адамдардың саны: 53

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Мусабеков А.С., Жунусов Е.Т., Тлемисов А.С., Аубакирова С.К., Проказюк А.А., Болатұлы А., Азаматов Б.Н. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің сынықтарын хирургиялық емдеуге арналған құрылғыны әзірлеу. Биомеханикалық эксперимент өткізу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.71-76. doi 10.34689/SH.2023.25.6.008

Авторизируйтесь для отправки комментариев