Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ПОСТКОВИД КЕЗЕҢДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ АУТҚУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Кіріспе: Ковид-19 пандемиясының ұзақ мерзімді салдары әлі де біздің заманымыздың өзекті мәселесі болып табылады. Зерттеу мақсаты: Пациенттердің осы санатқа қатысты емдеу-оңалту іс-шараларын одан әрі жетілдіру үшін ковидтен кейінгі кезеңде психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдардың әлеуметтік-демографиялық және клиникалық сипаттамаларын зерттеу болып табылады. Материалдар мен әдістер: клиникалық-психопатологиялық, клиникалық-динамикалық. Үздіксіз іріктеу әдісімен ҚР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК және Алматы қаласының "Психикалық денсаулық орталығы" психосоматикалық бөлімшелеріне жатқызылған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың 2020 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде 1670 ауру тарихы зерделенді: оның 1050-і РМҚК ҚР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығынан", ал 620 ауру тарихы ШЖҚ КМК, Алматы қ. "Психикалық денсаулық орталығынан". Әрі қарай зерттеу үшін психикалық және мінез-құлық бұзылыстары мен қоса, коронавирустық инфекциямен тікелей байланы бар пациенттердің 93 ауру тарихы алынды, бұл анамнезбен, оларды инфекциялық стационарларға жатқызу фактісімен, ПТР-талдауларының оң нәтижелерімен дәленделген. Нәтижелері: Сovid-19-мен ауыратын науқастардағы постковидтік психикалық және мінез-құлық аутқуларының клиникалық көрінісі психопатологиялық симптомдардың полиморфтылығымен және олардың гендерлік айырмашылығымен сипатталды: ер науқастарда депрессиялық (12-44,4%), инсомникалық (4-14,8%) және когнитивті бұзылыстары бар психоорганикалық синдром (4-14,8%) жиі анықталды, содан кейін әйел адамдарда мазасыздық-фобиялық (26-39,4%) және астеникалық (15-22,72%) синдромдар жиі байқалды. Қорытынды: Ковидтен кейінгі кезеңдегі психикалық және мінез-құлық аутқулары бар науқастар арасында орта жастағы әйелдер басым болды, содан кейін ер адамдар арасында жастар кездеседі. Тексерілген пациенттердің көпшілігі некеде болған және білім деңгейі жоғарылағын анықтадық. Пациенттердің жалпы жиынтығында амбулаториялық жағдайда COVID-19 жұқтырған адамдар басым болды. Зерттелген науқастарда депрессиялық және мазасыздық-фобиялық синдромдар басым болды. Ковидтен кейінгі психикалық бұзылулардың психофармакотерапиясы антипсихотиктермен және транквилизаторлармен бірге антидепрессанттарды емдеу барысында қолданылды.
Көрген адамдардың саны: 146

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Ешимбетова С.З., Распопова Н.И., Рахменшеев С.К., Логачева Н.Н., Абылғазы М.А., Раманова Г.Б., Ғабитова З.Ғ., Ажгиреев М.Р., Куренкеева З.М., Ибраимова З.М., Абдибеков Ы.А., Бақбергенова Н.Е. Постковид кезеңдегі психикалық және мінез-құлық аутқулары бар науқастардың клиникалық және әлуметтік-демографиялық сипаттамалары // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.152-160. doi 10.34689/SH.2023.25.6.018

Авторизируйтесь для отправки комментариев