Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 ДӘУІРІНДЕГІ ЕРЕСЕКТЕРДЕГІ ЖРВИ-ДІҢ АУЫР ФОРМАСЫНДА ЭНИСАМИЯ ЙОДИД ПРЕПАРАТЫНЫҢ ВИРУСҚА ҚАРСЫ ТИІМДІЛІГІ
Өзектілігі. Қазақстанда жыл сайын ЖРВИ мен тұмаудың 600 мыңнан 1,2 млн-ға дейінгі жағдайы тіркеледі. Орта есеппен эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің ауыр және орташа ауыр ағымымен - 70-80 мың адамға дейін ауруханаға жатқызылып, оның 70% – 14 жасқа дейінгі балалар болса, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 30-35% –ға дейін, жүкті әйелдер ЖРВИ-мен ауыратындар санының тиісінше 53-55% құрайды. Жедел респираторлық вирустық инфекциялық ауруды (ЖРВИ) емдеу симптомдарды жеңілдетуге, аурудың ұзақтығын азайтуға және асқынулардың алдын алуға бағытталған бірқатар шаралар мен тәсілдерді қамтиды. Осындай препараттардың бірі-Қазақстанда вирусқа қарсы әсер ететін, "Амизон" сауда атауымен тіркелген, Фармак (Украина) зауыты шығаратын энисамия йодиді. Материалдар мен әдістер. Зерттеу когорттық, клиникалық, интервенциялық емес, перспективалық болып табылады. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін этиотропты ем қабылдамаған науқастар тобымен салыстырғанда ересектердегі ЖРВИ ауыр түрлерінде энизамия йодидінің вирусқа қарсы препаратының тиімділігіне клиникалық сынақтар жүргізілді. Нәтижелер мен қорытындылар. Емдеу нәтижесінде 4-ші және 5-ші күндері дене температурасының қалыпқа келуінің үдеуі байқалды (тиісінше 96% және 98%). Салыстыру тобында 3-ші тәулікте дене температурасының қалыпқа келуінің жақсаруы науқастардың 60% -ында тіркелді. Негізгі және бақылау топтарын төсек күндері бойынша салыстырған кезде статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталды (p=0,049*). Стандартты терапиясы бар емделушілер Амизонды қосымша қабылдағандарға қарағанда ауруханада ұзақ болды. Амизонмен емдеу кезінде 50 жағдайдың 1-інде ғана препаратты қабылдаумен сәйкес келетін, препаратты қабылдауды тоқтатуды қажет етпейтін аздаған бас ауруы түріндегі жағымсыз құбылыс дамыды. Терапияның 3 және 4-ші күндерінде статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталды. Интоксикация симптомдарының регрессиясы (қызба, қалтырау, бас ауруы, дененің ауыруы) және катаральды көріністер бақылау тобына қарағанда әлдеқайда ертерек байқалды. Амизонды қолдану кезінде бактерияға қарсы препараттарды тағайындау қажеттілігі 10% құрады, бұл оның вирусқа қарсы және бактерияға қарсы әсерін көрсетеді.
Көрген адамдардың саны: 2235


Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Абуова Г.Н., Хангельды К.Ж., Шаймерденова Г.Г., Жораханова Б.А., Садыхова Д.К. COVID-19 дәуіріндегі ересектердегі ЖРВИ-дің ауыр формасында энисамия йодид препаратының вирусқа қарсы тиімділігі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 125-131. doi 10.34689/SH.2024.26.1.016

Авторизируйтесь для отправки комментариев