КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ САЛДАРЫ: КОВИДТАН КЕЙІНГІ СИНДРОМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
Кіріспе. Коронавирустық инфекциядан кейінгі асқынулар мен қабыну синдромының патогенетикалық аспектілері даму механизмдері әртүрлі болып келеді. COVID-19-мен ауырған науқастар толық емделгеннен кейін әлсіздік, ентігу, орталық жүйке жүйесінің дисфункциясы және басқада өкпе ауруларынан тыс белгілерді сезінеді. Мақалада COVID-19-дан ауырғаннан кейінгі әртүрлі клиникалық бұзылулар ағымының ерекшеліктері сипатталған. Сонымен қатар, кейбір ұзақ мерзімді асқынулардың даму себептері талқыланады.
Зерттеудің мақсаты. Ковидтен кейінгі синдромының әртүрлі клиникалық көріністерін, олардың дамуы мен патогенезіне, сонымен қатар когнитивті бұзылыстар жайлы әдебиет деректеріне талдау жасау.
Іздеу стратегиясы: COVID-19 мәселесіне арналған ағылшын және орыс тілдеріндегі толық мәтінді басылымдарға зерттеу жүргізілді. Әдебиетті шолу 2019 жылдан 2022 жылға дейін арнайы кілт сөздерімен (COVID-19, коронавирустық инфекция, SARS-CoV-2, ковидтен кейінгі синдром, когнитивті бұзылулар) PubMed, the Cochrane Library, Scopus, Elsiever, Ellibrary мәліметтер базасында жүргізілді. Зерттеуге сай 712 басылым анықталды, олардың 81-і іріктеу критерийлеріне сәйкес келді және осы шолуға енгізілді.
Нәтижелер мен қорытындылар. Көптеген зерттеу жұмыстары ковидтен кейінгі синдромының клиникалық симптомдарының ауқымының кең екенін көрсетеді. Зерттеулер коронавирустық инфекциядан кейінгі келесі психикалық асқынуларды анықтады: мазасыздық, есте сақтау мен зейіннің нашарлауы, депрессия, иіс сезудің бұзылуы, ұйқысыздық, белгілі психикалық бұзылулардың дебюті. Сонымен қатар дүниежүзілік медициналық қауымдастық жеделдеу COVID-19 ағымы мен ковидтен кейінгі синдромды біріктіретін "ұзақ ковид" жаңа ұғымын енгізді. Сонымен, коронавирустық инфекцияға және ковидтен кейінгі асқынуларға тиімді медициналық көмек көрсету алгоритмдерін іздеу арқылы осы мәселені толығымен зерттеу өзекті жұмыс болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 1019
Мақалалар санаты:
COVID-19-өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Жумабекова И.К., Молотов-Лучанский В.Б., Мациевская Л.Л. Коронавирустық инфекцияның салдары: ковидтан кейінгі синдромы және оның психикалық көріністері. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 147-155. doi 10.34689/SH.2024.26.1.019Ұқсас жариялымдар:
SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕСЕК ПАЦИЕНТТЕРІНДЕГІ ІЛЕСПЕЛІ АУРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COVID-19 КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӨТКЕРГЕН, РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯ РЕСТЕНОЗЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ