COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Өзектілігі. Covid-19 коронавирустық инфекциясы эпидемиялық ошағы Хубэй провинциясының Ухань қаласында (Қытай, 2019 жылғы желтоқсан) басталғаны белгілі. 2022 жылдың 14 сәуірінде бүкіл әлем бойынша коронавирустық инфекцияның 501 миллионнан астам жағдайы тіркелді және 6,2 миллионнан астам өлім расталды, бұл Covid-19 пандемиясын тарихтағы ең өлімге әкелетіндердің біріне айналдырды. Коронавирустық инфекцияның пандемиясы жұқпалы емес соматикалық патологияның, көбінесе жүрек-қан тамырлары ауруларының таралуын арттырды.
Мақсаты. COVID-19 коронавирустық инфекциясының артериялық гипертензия ағымы мен семіздікке әсерін зерттеу.
Іздеу стратегиясы. Әдебиет деректерін талдауды біз Cochrane Library базаларында, 2019 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың ақпанына дейін аралықта Pubmed іздеу базаларында жүргіздік, 2018 гайдлайндары AГ және семіздіктің таралуын анықтау үшін пайдаланылды. Қосу критерилері: жүйелі шолулар, проспективті және ретроспективті когорттық зерттеулер. Қоспау критерийлері: 18 жасқа дейінгі балаларға КВИ-дің әсері мәселелерін қарастыратын мақалалар, жүктілілік, қатерлі ісіктер, covid-19-ға дейінгі миокард инфарктісі, инсульт, аритмия, созылмалы бүйрек аурулары соңғы сатылары, аутоиммунды аурулардың болуы. 500-ден астам дереккөз табылды, талдау үшін 93 дереккөз таңдалды
Нәтижелері. Ағзаға жаңа вирустың енуі нәтижесінде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААС) компоненттерінің зақымдануын ескере отырып, әлемдік медициналық қоғамдастықта АГ бар науқастардың SARS-CoV-2 инфекциясына жоғары сезімталдығы туралы гипотеза пайда болды. Сонымен қатар, AГ бар науқастарда COVID-19 коронавирустық инфекциясы әсерінен жүрек-қан тамырлары қауіп қатерлері артады, өйткені қан қысымы деңгейінің тұрақсыздығы, қан қысымының тәуліктік профиліндегі айқын өзгерістер, эндотелий дисфункциясы мен тромбоздық асқынулар анықталады
Көрген адамдардың саны: 15335
Мақалалар санаты:
COVID-19-өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Ахметжанова Ш.К., Байдурин С.А., Жукушева Ш.Т., Казкенова С., Алиайдар Г. Особенности течения артериальной гипертензии и ожирения в период пандемии коронавирусной инфекции COVID-19 (Обзор литературы) // Наука и Здравоохранение. 2024. 1(Т.26). С. 156-167. doi 10.34689/SH.2024.26.1.020Ұқсас жариялымдар:
SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕСЕК ПАЦИЕНТТЕРІНДЕГІ ІЛЕСПЕЛІ АУРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COVID-19 КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӨТКЕРГЕН, РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯ РЕСТЕНОЗЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ