ЖҮЗГҮН ӨСІМДІГІНІҢ НЕГІЗІНДЕГІ СУБСТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖАРАНЫ ЕМДЕУ ҚАСИЕТІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ (G15)
Кіріспе. Жаралар мен күйік жарақаттардың емінде дәрілік шөптерді қолдану көптеген елдерде альтернативті ем ретінде маңызы артып келуде. Қарақұмық тұқымдасының өсімдіктерінде табиғи қосылыстардың әртүрлі кластарындағы биологиялық белсенді заттар бар: флавоноидтар, таниндер, терпеноидтар, амин қышқылдары, көмірсулар, микроэлементтер, эфир майлары, бұл оның қабынуға қарсы зат ретінде дәстүрлі медицинада қолданылуын түсіндіреді және бұл өсімдіктерді одан әрі зерттеуге талпыныс береді.
Зерттеу мақсаты. Қарақұмық тұқымдасының Жүзгүн өсімдігінен алынған G15 субстанциясының жараны емдеу қасиетін егеуқұйрықтардағы күйік жарасының тәжірибелік үлгісі бойынша бағалау.
Материалдар мен зерттеу әдістері. G15 субстанциясын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институты ұсынған. Липодерм эмульсиясының негізінде 3 концентрацияда G.15 затының жақпа майы дайындалды: 1%, 3% және 5%. Салыстырмалы препараттар ретінде 10% Метилурацил жақпа майы (өндіруші Биосинтез, РФ), шырғанақ майы (Қызылмай ПК фирмасының өнімі, ҚР) алынды. Субстанцияның іn vivo жараларды емдеу белсенділігін зерттеу 6 топтағы егеуқұйрықтардағы күйік жарасының үлгісінде жүргізілді. Тіндердің регенерация процесі 1, 7, 14, 21 және 28-ші күндерде күйік кабыршағынан тазалану, эпителизация және жараның толық жазылу мерзімдері және зерттеудің 1, 15 және 30-шы күндерінде тіндердің кесінділерінің гистологиялық талдау нәтижелері бойынша бағаланды
Нәтижелер. Жануарлардың тәжірибелік топтарында жараның жазылуы терінің терең қабаттарына некроздың таралуын тоқтататын процестің жеңіл жүруімен сипатталды. Жалпы күйік жараларының ең қысқа жазылу уақыты заттың 5% жақпа майын және метилурацил жақпа майын қолданғанда байқалды. Сонымен, бақылаумен салыстырғанда жараның жазылу уақыты сәйкесінше 12,0 және 10,72 күнге қысқарды, ал басқа эксперименттік топтарда жара жазылу уақыты ұзағырақ болды . Гистоморфологиялық зерттеулер күйіктен кейін тері тінінің қалпына келу динамикасын растады.
Қорытындылар. Алынған мәліметтер Жүзгін өсімдігінен алынған G15 субстанциясының негізіндегі 5% жақпа майы жараны емдейтін әрекетке ие және өзінің тиімділігі бойынша шырғанақ майынан, 1% және 3% субстанция жақпа майынан жоғары және тиімділігі жағынан метилурацил жақпа майымен салыстыруға болатынын көрсетеді.
Түйінді сөздер: күйік, жара, жүзген заты, регенерация.
Көрген адамдардың саны: 31
Библиографиялық сілтемелер
Сакуов Ж.Н., Хасенбекова Ж.Р., Калиекова К.С., Уызбаева И.К., Жантуреева А.А., Жусупова Г.Д., Таржанова Д.Ш. Жүзгүн өсімдігінің негізіндегі субстанциясының жараны емдеу қасиетін эксперименттік зерттеу (G15) // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 73-81. doi 10.34689/SH.2024.26.3.008Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ