Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СОЛТҮСТІК- ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ БОЙЫНША СҮТ БЕЗІНІҢ МЕТАСТАТИКАЛЫҚ ОБЫРЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мұрааттағы мақалаларды қарау
Өзектілігі: Сүт безінің обыры әйелдер арасында әлемдегі ең көп таралған аурудың бірі болып табылады. Сүт безінің қатерлі ісігі және оның метастазы күрделі клиникалық проблема болып табылады, сондықтан осы проблема қызығушылық тудырады. Зерттеудің мақсаты: сүт безінің метастатикалық обыры таралуын, клиникалық және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Материалдар мен әдістер: Дизайн - ретроспективты, көлден қима зерттеу. (N = 570 деректер). Семей қаласы ӨОД және Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде 2004-2013 жылдар арасындағы сүт безі обыры мен метастатикалық ауырған науқастарға ретроспективті талдау жургізілген. Статистикалық талдау SPSS20.0 бағдарламасымен жүргізілді. Нәтижелері: Орта жасы 55,1 жас болды. Этникалық топ бойынша орыс-319 (56,0%), қазақтар - 71 (30,0%), басқалары 80 (14,0%). Орналасуы: Оң жақ -300 (52,6%), сол жақ - 264 (46,3%), екі-6 (1.1). Сүт безінің квадранты бойынша: жоғарғы шеткі бөлігі (N = 289; 50,7%), жоғарғы ішкі бөлігі (N = 86; 15,1%), орталық бөлігі (N = 62; 10,9%), қалғаны - 7%. Молекулалық түрі: Lum A - 76 (30%), TN - 79 (31,2%), Lum B negative 42(16,6%), Lum B positive- 20 (7,9%) және HER2 + - 36 (14,2%). Гистологиялық нысан бойынша: инвазиялық өзектік (57,7%) түрі, «басқа» түрі - (N = 161; 28,2%) және инвазиялық ошақтық, (N = 58; 10,2%) түрі, басқалары 2%. III ст - 43,2% II ст - , 40,8%, IV - 14,2%, I кезеңі - 1,8%. Қорытынды: Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңіріндегі метастатикалық сүт безі обырының клиникалық және эпидемиологиялық сипаттамасында географиялық ерекшеліктер жоқ, ол сүт безі обыры белгілерінің жаһандық трендіне тән болып табылады. Алайда, сүт безінің метастатикалық обыры орыс ұлтына қарағанда қазақ ұлтында жас науқастар жиі кездесу фактісі одан әрі терең зерттеуді қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 616

Түйенді сөздер:


Библиографиялық сілтемелер

Абильтаева А.А., Адылханов Т.А., Мысаев А.О. Клинико-эпидемиологическая характеристика метастатического рака молочной железы в Северо-Восточном регионе Казахстана / / Наука и Здравоохранение. 2016. №4. С. 74-83. Abiltaeva A.A., Adylhanov T.A., Myssayev A.O. Clinical and epidemiological characteristics of metastatic breast cancer in the North-Eastern region of Kazakhstan. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 4, pp. 74-83. Абильтаева А.А., Адылханов Т.А., Мысаев А.О. Солтүстік- Шығыс Қазақстан өңірі бойынша сүт безінің метастатикалық обырының клиникалық және эпидемиологиялық сипаттамасы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №4. Б. 74-83.

Авторизируйтесь для отправки комментариев