ДӘРІЛІК ТЕРАПИЯ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ИНДИКАТОРЛАРЫ
Бүгінгі күнгі фармакотерапия – ауруларды емдеудің негізгі түрі. Ол көптеген аурулардан сауығуға, өлімнен аман қалуына, пациенттер өмірі сапасына әсер етеді. Фармакотерапия тиімді, сауатты, қауіпсіз, орынды, жеке адамға және үнемді емді орындауға бағытталуы тиіс. Дәрілік заттар қазіргі әлемде маңызды рөл атқарады. Оларға бөлінген мемлекет шығындары ең өсіп келе жатқан денсаулық сақтау бюджетінің басты тармағының бірі, кейбір елдерде ол 40% дейін жетеді. Санатты медициналық көмек көрсетуде қаржылық ресурстар жетіспеушілігі болса да, көптеген елдерде айтарлықтай материальдық ресурстарын шығындайтын және пациент өмірі сапасын нашарлататын негізсіз медициналық шаралар (оның ішінде тиімсіз дәрілік терапия) қолданылады. Полипрагмазия, жағымсыз қосымша реакциялар, дәлелденген негізі жоқ дәрілерді қолдану емдеу құнын арттырады, оның тиімділігін төмендетеді.
Шолу мақаласында полипрагмазиямен заманауи күрес әдістері толық берілген, олар өзінің тиімділігін дәлелдеген, ем әсерін өсіреді, фармакотерапияның қауіпсіздігін арттырады, тиімсіз тағайындалатын дәрілер санын және олардың бірге қолданылуын қысқартады. Олар емдеу-профилактикалық мекемелерінде дәрі қолдануға байланысты Бирс және STOPP/START көрсеткіштері, дәрілік заттардың тиімділігі индексі (МАI), дәрілікаралық өзара әрекеттесуді есепке алу (Drug–drug interactions), GerontoNet шкаласы – жағымсыз іс-шараның бағалау триггерлері. Медициналық мекемелер жағдайында тиімді фармакотерапияны пайдалану көрсеткіштерін қолданған әлемдік зерттеулері, олардың оң нәтижелері берілген.
Шолу зерттеудің мақсаты фармакотерапияның тиімділігін бағалау критерийлерінің әрбір артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауға болады.
Библиографиялық сілтемелер
Мусина А.З., Сейтмаганбетова Н.А., Жамалиева Л.М., Смагулова Г.А., Гржибовский А.М. Индикаторы оценки рациональности лекарственной терапии / / Наука и Здравоохранение. 2016. №2. С. 29-46.
Mussina A.Z., Seitmaganbetova N.A., Zhamalieva L.M., Smagulova G.A., Grjibovski A.M. Indicators of rational drug use. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 2, pp. 29-46.
Мусина А.З., Сейтмағанбетова Н.А., Жамалиева Л.М., Смағулова Ғ.Ә., Гржибовский А.М. Дәрілік терапия тиімділігін бағалау индикаторлары / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №2. Б. 29-46.