Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ГИПОФРАКЦИЯЛАНҒАН СӘУЛЕЛІК ТЕРАПИЯНЫҢ БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ ШЕТКЕРІ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БҰЛ ӘДІСТІ СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН КЕШЕНДІ ЕМДЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУ

Өзектілік: Сүт безі обыры (СБО) бүкіл әлемдегі онкологиялық науқастану мен өлім құрылымында бірінші орынды алады. Бастапқы сатыларында СБО диганостикалау науқастарды емдеуге бағытты өзгертуге – келесілік сәулелік терапия (СТ) арқылы орган сақтаушы операциялармен (ОСО) радикальдық матсэктомия (РМЭ) жүргізуді алмастыруға мүмкіндік берді. Сәулелендірудің гипофрактацияланған мөлшерлері бар операциядан кейінгі СТ-ның жаңа әдістемелері мәселесі өзекті, олар ісікке әсер етудің ұқсас стандартты курсы кезінде емдеудің аз қауіптері мен мерзімдеріне ие. СТ жаңа технологияларының бір уақытта дамуы гипофракционирленген режимдерді қолдану жиілігінің артуына әсер етеді.

Зерттеудің мақсаты СТ жылдамдатылған гипофрактацияланған режимдерін әзірлеу есебінен СБО науқастарын емдеу нәтижелерін жақсарту және сүт безі обырын кешенді емдеуге СТ осы әдісін енгізу.

Әдістері: Зерттеу дизайны - бақыланатын клиникалық зерттеу.

«Сүт безі обыры» гистологиялық расталған диагнозы бар ОСО және РМЭ орындалған 160 емделуші теңдей екі топқа бөлінген: негізгі (гипофрактацияланған сәулелік терапия (ГФСТ) және бақылау (СТ дәстүрлі курсы). Емдеу клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізілді.

Екі топ та жасы, ісіктердің молекулярлық және гистологиялық типтері, сатысы бойынша бірдей.

Сұрақ нәтижелерін математикалық өңдеу мен сауалнама кезінде EORTCQLQ-C30/BR23 арналған «EORTCQLQ-C30ScoringManual» бадарламалары пайдаланылды.

Айырмашылықтардың сенімділігі Wilcoxon-Mann-Whitney әдісі бойынша бағаланды.

Бүкіл талдау SPSS 20 бағдарламасы көмегімен жүзеге асырылды.

Нәтижелері: СБО науқастарының дәстүрлі және ГФСТ топтарындағы айырмашылықтарын қарап соңғысындағы статистикалық маңызды айырмашылық орнатылған. ГФСТ кезіндегі сәулелік зақымдану жиілігі тері жабындарына сәулелендірудің аз фракциялық мөлшерінің есебінен дәстүрліден қарағанда төмен. «ҚР онкологтар қауымдастығы» ОЮЛ отырысында СБО емдеудегі ГФСТ туралы 2017 жылғы 27 қарашадағы №17 СБО емдеу мен диагностикалаудың клиникалық хаттамасына өзгерістер енгізу ұсынылды.

Қорытынды: Бастапқы сатыларда анықталған науқастар санының артуы жақындатылған және шеткері операциядан кейінгі  асқынулардың санын төмендететін ОСО жүргізуге мүмкіндік береді. ОСО кеңінен енгізу үздік косметикалық нәтижелерді бір мезетте қамтамасыз ете отырып рецидивтерді төмендетуге әсер ететін РОД артуы арқылы СТ режимін таңдауды талап етеді және емдеу мерзімдерін азайтады.

ГФСТ енгізілген әдістемесі дәстүрлі СТ клиникалық қауіпсіз және экономикалық тиімді баламасын құруға мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: сәулелік ем, сүт безі обыры, гипофракцияландыру, жедел әсер, бастапқы және шеткері нәтижелер.

Көрген адамдардың саны: 5325



Библиографиялық сілтемелер

Адылханов Т.А., Байсалбаева А.С., Косымбаева Е.О., Жабагина А.С., Назарова А.Р. Гипофракцияланған сәулелік терапияның бастапқы және шеткері нәтижелерін талдау және бұл әдісті сүт безі обырын кешенді емдеу бағдарламасына енгізу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №6. Б. 53-66.


Авторизируйтесь для отправки комментариев