СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ СӘУЛЕЛІК ТЕРАПИЯСЫНЫҢ СТАНДАРТТЫ, ГИПОФРАКЦИЯЛАНҒАН ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ РЕЖИМДЕ ЕМДЕУДІҢ КОСМЕТИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ
Өзектілік: бүгінгі таңда косметикалық нәтижені бағалау өзекті мәселе болып табылады және ағза сақтаушы емнің жақсы көрсеткіші ретінде саналады өмір сапасын жоғары деңгейде сақтау және сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы сатысындағы науқастарды комплексті емдеуден кейінгі жақсы косметологиялық нәтижеге жету заманауи онкологияның негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: сүт безі қатерлі ісігінің сәулелік терапиясының стандартты, гипофракцияланған және динамикалық режимде емдеудің косметикалық нәтижелерін салыстырмалы бағалау.
Әдістері: зерттеу дизайны - рандомизирленбеген клиникалық зерттеу. 2014 және 2017 жж аралығында хирургиялық емнен кейін гипофракцияланаған сәулелік терапия қабылдаған сүт безі қатерлі ісігі бар 50 науқастың ем нәтижесін талдадық. Стандартты және жеделдетілген гипофракциялық режимдегі сәулелік терапияның косметологиялық әсерін бағалау үшін объективті және субъективті талдау жасалды. Wilcoxon-Mann-Whitney әдісімен радиациялық терапияның стандартты, гипофракцияланған және динамикалық режимдерін алған науқастардың емдеудің косметикалық нәтижелерін салыстырудағы айырмашылықтардың сенімділігі жасалды.
Нәтижелері: Гипофракцияланған және стандартты режимдегі сәулелік терапияның косметологиялық нәтижелерін салыстыру "өте жақсы" және "жақсы" деген косметологиялық нәтижелер сүт безінің қалған бөлігіне СОД 43,2 Гр жасау нәтижесінде 66% науқаста тіркелді, ал СОД 50 Гр стандартты режимде жүргізгенде "өте жақсы" және "жақсы" деген көрсеткіштер 60% науқаста (p=0,049) тіркелді. "Керемет" және "жақсы" деген ем нәтижелері 33 (66%) науқастарда алынды: 18 (72%) науқастар ГФСТ алды, стандартты режимдегі сәулелік терапия алған науқастарда бұл көрсеткіш 60% (15 адам) құрады.
Қорытынды: Әртүрлі режимдегі сәулелік терапияға байланысты алынған косметологиялық нәтиже әсерін бағалауда, әртүрлі топтар арасында айқын айырмашылық көрсеткен жоқ. Осыған байланысты, гипофракцияланаған сәулелік терапия дозасының жаңа әдісін қолдану косметологиялық емнің нәтижесін төмендеткен жоқ.
Негізгі сөздер: сүт безінің қатерлі ісігі, косметологиялық нәтиже, сәулелік терапия, гипофракциялау.
Библиографиялық сілтемелер
Жабагина А.С., Косымбаева Е.О., Адылханов Т.А., Байсалбаева А.С., Жабагин К.Т., Раисов Д.Т. Сүт безі қатерлі ісігінің сәулелік терапиясының стандартты, гипофрактацияланған және динамикалық режимде емдеудің косметикалық нәтижелерін салыстырмалы бағалау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №6. Б. 78-87.