СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ ЕМІНДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТ: МИНЕРАЛОКОРТИКОИДТЫ РЕЦЕПТОРЛАРДЫҢ АНТАГОНИСТЫ
Кіріспе. Мақалада, көптеген рандомизирленген зерттеулердің жүргізілу барысында алынған, альдостерон рецепторы антогонистерінің қолданылу нәтижелілігі мен қауіпсіздігі жөнінде дәлелдер келтірілген. Таңдамалы МКРАның клиникалық тәжірибеде алғашқы рет қолданылуы жөнінде ақпарат көрсетілген.
Зерттеу мақсаты: МКРА эплеренонның жүрек жеткіліксіздігі бар науқастардың функционалдық жағдайына, сол қарыншаның аластау фракциясының динамикасына және қан құрамындағы милық натриуретикалық пептидтің концентрациясына әсерін бағалау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизайны – клиникалық бақыланбайтын зерттеу. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысындағы клиникалық көріністерімен Семей қаласы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы № 2 кардиология бөліміне бөліміне жатқызылған науқастар арасынан, 30 науқас таңдап алынды. Осы уақытқа дейін қабылдаған терапияның көлемін толық талдағаннан кейін, науқастарға соңғы ұсыныстарға сәйкес эплеренон («Эпнон») препаратын 25 мг/тәулігіне бір рет, кейін төрт апта көлемінде тәулігіне 50 мгға дейін титрлеп толықтыру енгізілді. Нәтижелерді статистикалық өңдеу SPSS [3], version 20.0 бағдарламаларын қолданып, жүзеге асырылды. Жалпылама қабылданған көрсеткіштер есептелінді: орта арифметикалық көрсеткіш (М), медиана (Ме), мода (М0), 95% сенім интервалы (СИ 95). Зерттелінген өзгергіштіктер айырмашылығы сенімділігін негіздеу мақсатында Стьюдент коэффициенті (t) есептелінді. Салыстырылатын өзгергіштіктер арасындағы айырмашылық, р<0,05 болғанда, сенімді деп табылды.
Нәтижелер мен қорытындылар: Зерттеуге 30 науқас қатыстырылды (70 % ер адам және 30% әйел адам), науқастардың орта жасы – 57,9 ± 3,3 жас. Барлық науқастарда созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің NYHA бойынша III (56%) және IV (44%) функциялық класына сәйкес келетін жайылған клиникалық көріністер орын алды. Эхокардиография нәтижелерін бірінші рет талдағанда сол қарыншаның орташа аластау фракциясы 37,5 ± 2,7% көрсетті. Милық натрий-уретикалық пептид (BNP) таңдамалы түрде, науқастардың келісімімен анықталды, оның орташа көрсеткіші – 475,7 ± 3,9 пг/млге тең болды. Қайталап тексеру кезінде, сол қарыншаның орташа аластау фракциясы 45,4 ± 1,5%, қан плазмасындағы креатинин мен калийдың орташа мөлшері сәйкесінше 108 ± 2,1 мкмоль/л және 5,2 ± 0,9 ммоль/л тең болды.
Түйіндеме: Сонымен, МКРА СЖЖ заманауи терапиясының негізгі компоненті болып табылады. Зерттеу қорытындысы бойынша эплеренон дәрілік препараты СЖЖ декомпенсациясы кезінде науқастардың функционалдық жағдайының жақсаруында, сол қарыншаның аластау фракциясы көрсеткішін жоғарылатуда нәтижелілігін көрсетті.
Негізгі сөздер: жүрек жеткіліксіздігі, минералокортикоидты рецепторлардың антагонисты, аластау фракциясы.
Библиографиялық сілтемелер
Каражанова Л.К., Насымбеков М.Р., Хайдарова О.В., Орехов А.Ю., Оспанова М.М. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің еміндегі жаңа бағыт: минералокортикоидты рецепторлардың антагонисты / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №6. Б. 88-100.