Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТУБЕРКУЛЕЗ ЖӘНЕ ДӘРІГЕ ТӨЗІМДІЛІКТІҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР. ӘДЕБИЕТТЕРДІ ШОЛУ.

Кіріспе: туберкулез бен дәрілік төзімділіктің негізгі дәлелденген диагностикалық базасы микробиологиялық диагностика болып табылады. Туберкулездің көптеген/кең дәрілік төзімді түрлерінің көбею каупі жоғары болғандықтан, туберкулезге карсы жұмыстың маңызды аспектілерінің бірі, тез жане сенімді диагностикалық әдістерді дұрыс таңдау.

Зерттеу мақсаты: Қазақстанда және кейбір шетелдерінде туберкулездің микробиологиялық диагностикасының ағымдағы жағдайы сонымен қатар дәрілік төзімділік жайлы әдебиеттердің анализін жүргізу.

Іздеу стратегиясы: Дәлелді медицина деректер базасында (PubMed,Cochrane Library, ResearchGate) және электрондық ғылыми кітапханаларда (CyberLeninka) ғылыми басылымдарды іздестіру жүргізілді. Іздеу тереңдігі 10 жыл (2007-2017). Әдебиетті қосу критерийлері: үлкен популяцияларда жүргізілген, рандомизирленген мен когортты зерттеулер туралы есептер; жүйелі шолулар мен мета-анализдері кіргізілді. Шығару критерилері болып, есеп беру резюмесі, газет басылымдары және жеке хабарламалар жиынтығы болды. Осы тақырып бойынша 149 басылым табылды, оның ішінде 55 біздің зерттеулеріміздің мақсаты болды.

Нәтижелер: Соңғы жылдары туберкулезді диагностикалауда елеулі серпілістер болды. Зертханалардың иелігіндегі заманауи әдістер жоғары ықтималдылықпен туберкулез қоздырғышын растауға және қоздырғыштың дәріге төзімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонмен қатар қазіргі кезде ешқандай диагностикалық тест “тез”, “арзан” және “қарапайым” зерттеудің барлық талаптарын қанағаттандыра алмайды.

Қорытынды: Шығындардың экономикалық эффективтілігіне, қол жетімділігіне, сапасына сүйене отырып, бұдан әрі молекулярлы-генетикалық әдістер мен зерттеулердің жаңа технологияларды енгізу арқылы туберкулезді және дәріге төзімділікті анықтау.

Негізгі сөздер: туберкулезге диагностикалық тесттер, көптеген/ кең дәріге төзімділік.
Көрген адамдардың саны: 2329


Мақалалар санаты: Обзор литературы

Библиографиялық сілтемелер

Чункаева Д.Д., Мансурова А.А. Туберкулез және дәріге төзімділіктің микробиологиялық диагностикасы бойынша сұрақтар. Әдебиеттерді шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №6. Б. 116-130.


Авторизируйтесь для отправки комментариев