ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫНДА ИММУНОГИСТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Кіріспе: соңғы 10 жыл ішінде қуықасты безінің қатерлі ісігін диагностикалау, оның нәтижелерін неғұрлым нақты бағалауға қабілетті жаңа әдістері белсенді іздестіруде.
Мақсаты: қуықасты безінің қатерлі ісігін диагностикалау үшін қолданылатын перспективті биомаркерлерді бағалау туралы ғылыми ақпараттарды жүйелі іздестіру.
Материалдар мен әдістер. Ғылыми басылымдарды іздестіру дәлелді медицинаның (PubMed, Cochrane Library, TripDatabase, ResearchGate) және электронды ғылыми кітапханалар (CyberLeninka) деректер базасында жүргізілді. Бастапқыда іздеу уақытының мерзімі 10 жылмен шектелді (2007 жылдың қантар айынан 2017 жылғы қараша айы), алайда, жарияланымдардың шектеулі болуын ескере отырып, іздеуді 15 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды (2002 жылдың қантар айынан 2017 жылғы қараша айы).
Бірінші кезеңде іздеу автоматты түрде жүргізілді, одан кейін іздеу «қолмен» жүзеге асырылды, бұл бірқатар әдеби көздерді қосымша анықтауға мүмкіндік берді.
Ғылыми басылымдар шолуына кіріс критерийлері: 1) ағылшын, орыс және испан тілдеріндегі басылымдар; 2) адамдарға жасалған зерттеулер; 3) простата қатерлі ісігінің маңызды клиникалық нәтижелерін зерттеу ( жалпі өлім – жітім, обыр-спецификалық өлім – жітім, аурудын прогрессиясыз өмір сүруі).
Кіріс критерийлеріне кірмеген ғылыми басылымдар шолу критериилеріне кірген жоқ.
Нәтижелер: осы шолуда қамтылған барлық маркерлерді, биопсия немесе простатэктомия көмегімен алынған қуықасты тінінің үлгілерін иммуногистохимиялық зерттеу арқылы анықтауға болады. Қол жетімді әдебиет көздерін талдау аурудың маңызды клиникалық соңын болжауға қабілетті 9 ақуыз молекуласын анықтауға мүмкіндік берді, ол клиникалық зерттеулер барысында анықтады.
Қорытынды: Қолжетімді әдебиеттерге сүйенсек қуықасты безі қатерлі ісігін болжауды бағалауда тіндік биомаркерлердің перспективтілігі жөніндегі басылымдар саны шектеулі, бұл проспективті когортты зерттерудің қажет екеніне негіз болып табылады. Сонымен бірге, әртүрлі функционалдық топтарға жататын ақуыздардың біріккен әсерін орынды бағалау ұсынылады, ол аурудың ағымына және нәтижесіне олардың әсер ету спектрін кеңінен түсінуге және емнің жеке схемасын жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: иммуногистохимия, қуықасты безінің қатерлі ісігі, тіндік биомаркерлар, тіршілік ету, өлім-жітім.
Библиографиялық сілтемелер
Оспанов Е.А., Адылханов Т.А., Токанова Ш.Е., Семенова Ю.М., Кулабухова Н.С., Даулетьярова М.А., Мур M.A. Қуықасты безінің қатерлі ісігінің диагностикасында иммуногистохимиялық зерттеулер / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №6. Б. 131-146.