НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ШАРТТАРЫНДА АҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ МАРКЕТИНГ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ CHECK UP БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЕНГІЗУ ТИІМДІЛІГІ
Денсаулықты алдын ала диагностикалау заманауи алдын алу медицинаның негізі болып табылады, және де Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ұйымының ұсынымдарымен сәйкес жыл сайын өткізілуі тиіс. Кешенді қаралу мен ағзаның диагностикасы, Check up бағдарламалары — алдын алу медицина тұжырымдамасының құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Check up тәуекел факторларының әсерлерін ықшамдайды және дерттің дамуының бастапқы сатысында, ол әлі ағзаға айтарлықтай залал келтіре қоймаған кезде дертті табуға мүмкіндік береді. Біздің елімізде емделушілердің неғұрлым көп саны ақылы медициналық қызмет көрсетуге жүгінеді, бұл ынтымақты жауапкершіліктің артуы туралы куәландырады. Көптеген медициналық ұйымдарда ақылы медициналық қызмет көрсету ағын типті тәртіпте жүзеге асырылады және қызметтердің бастапқы пулы емделушінің қалауынша, немесе бейінді маманның ұсынымдары бойынша қалыптастырылған. Әлбетте, бұл таңдалған бағыт бойынша мақсатты бағытталған кешенді диагностика, мәселелерді неғұрлым дәл анықтауға және дер кезінде тура диагнозды қоюға мүмкіндік береді.
Библиографиялық сілтемелер
Оспанова М.М., Мысаев А.О. Оценка эффективности внедрения Check up программ, как одного из инструментов маркетинга платных медицинских услуг в условиях рыночной экономики / / Наука и Здравоохранение. 2018. 2 (Т.20). С. 107-114.
Ospanova M.M., Myssayev A.O. Effective implementation of check up program, as a marketing tool of paid medical services in a market economy. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 2, pp. 107-114.
Оспанова М.М., Мысаев А.О. Нарықтық экономика шарттарында ақылы медициналық қызмет көрсетудің маркетинг құралдарының бірі ретінде check up бағдарламаларын енгізу тиімділігі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 2 (Т.20). Б. 107-114.