Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА SARS-COV-2 ВАКЦИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЫҚЫЛАСЫНА БОЛЖАМДЫ БАҒА
Өзектілігі: ауыр жедел респираторлық синдром (SARS-CoV-2) коронавирусынан туындаған COVID-19 коронавирустық инфекциясы 2019 жылдың желтоқсанында алғашқы хабарламадан бастап тез пандемияға айналды. Жаңа коронавирус - адамға әсер ететін жоғары патогенді вирустардың бірі. Бұл ауруды жеңу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажет, ол популяцияда иммунитеттің дамуы нәтижесінде немесе вакцинация нәтижесінде немесе бұрын берілген инфекция нәтижесінде пайда болады. Өлім-жітімнің жоғары деңгейі мен тез таралуын ескере отырып, бұл пандемиямен күресу үшін тиімді вакцина қажет. COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетке қауіпсіз қол жеткізу үшін халықтың көп бөлігін вакцинациялау қажет болады, бұл бүкіл халық арасында тарала алатын вирустың жалпы санының азаюына әкеледі. Халықты вакцинациялаудың мақсаттарының бірі - вакцинацияланбайтын халықтың осал топтары үшін қауіпсіздікті және осы аурудан қорғауды қамтамасыз ету. Мақсаты: Алматы қаласы халқының коронавирусқа қарсы вакцинопрофилактикаға қатыcты ықыласын және Алматы қаласының ересек тұрғындары арасында сауалнама жүргізу арқылы оны өткізуге дайындығын анықтау. Материалдар мен әдістер: 13-23 наурыз аралығында Алматы қаласының ересек тұрғындары арасында онлайн-сауалнама жүргізілген, барлығы 263 адам қатысты. Сауалнама 17 сұрақтан тұрды. Әрі қарай сауалнамаға қатысушылардың сипаттамалары (жынысы, жасы, білімі), олардың вакцинацияға қатынасы, қолдау және одан бас тарту себептері зерттелді. Нәтижелері: зерттеу барысында Алматы қаласы тұрғындарының ¾ коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға дайын емес екендігі анықталды. Бас тартудың негізгі себебі - вакцинация әсерінің жеткіліксіз зерттелуі және жанама әсерлердің болуы болып анықталды.
Көрген адамдардың саны: 306

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Кусаинова Д.Ғ., Шабанова А.А., Бегатар А., Джамалов С.А., Шатырхан А.У. Алматы қаласы тұрғындарының арасында SARS-CoV-2 вакцинациясы бойынша ықыласына болжамды баға // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 6-12. doi:10.34689/SH.2021.23.2.001

Авторизируйтесь для отправки комментариев