Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ФАВИПИРАВИР ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТЫНЫҢ COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРДІ КЕШЕНДІ ЕМДЕУДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Кіріспе. COVID-19 пациенттерінің көпшілігінде жеңілден орташа ауырлыққа дейін ауру бар және оларды үйде емдеуге болатындығы белгілі. Мұндай пациенттерді емдеудегі потенциалды этиотропты препарат фавипиравир болып табылады. Зерттеудің мақсаты фавипиравирдің клиникалық тиімділігін анықтау үшін кешенді терапияда фавипиравирді қолданған орташа ауырлықтағы COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттердің ауру тарихын зерттеу және талдау болды. Зерттеу материалдары мен әдістері. 2020 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ “Көпбейінді медициналық орталық” МКК-да, Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан COVID-19 коронавирустық инфекциясының орташа нысаны бар стационарлық пациенттің 468 медициналық картасына ретроспективті талдау жүргізілді. Эксперименттік (негізгі) топты ауырлығы орташа дәрежедегі COVID-19 бар 40 пациент құрады, оларға “COVID-19 Коронавирустық инфекциясын” диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына (15.07.2020 жылғы өзгерістерімен 10-шы басылым) сәйкес стандартты терапияға қосымша 1-ші күні 1600 мг/12 сағ, одан кейін 600 мг/12 сағ дозада, жалпы алғанда 7 күн ішінде пероральді фавипиравир тағайындалды. Салыстыру тобы (бақылау тобы) фавипиравир алмаған 40 орташа КВИ пациенттерінен тұрды. Сипаттамалық статистика сандық айнымалылар үшін орташа (M) және стандартты ауытқуды (SD) есептеумен жүргізілді; сапалық айнымалылар үшін пайыздар есептелді. Статистикалық талдау Microsoft Excel және IBM SPSS Statistics 20.0 көмегімен жүргізілді. P <0,05 статистикалық маңызды болып саналды. Нәтижелер мен талқылау. Осы зерттеу COVID-19 орташа нысаны бар пациенттерде вирусқа қарсы препаратсыз стандартты терапиямен салыстырғанда Фавипиравирмен вирусқа қарсы терапияның ерте басталуы статистикалық маңызды клиникалық жақсарумен және молекулалық-генетикалық зерттеулерге сәйкес жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарынан вирустың жойылуының үлкен пайызымен байланысты екенін көрсетті. Фавипиравир қабылдаған пациенттер тобында негізгі клиникалық көрсеткіштердің қалыпқа келуімен және ауруханаға жатқызудың 7 күні ішінде шағымдардың болмауымен аурудың толық ремиссиясы салыстыру тобына қарағанда едәуір жиі байқалды. Тұжырымдар. Алынған нәтижелер Фавипиравирдің орташа ауырлықтағы COVID-19 коронавирустық инфекциясын кешенді емдеуде тиімді вирусқа қарсы препарат екенін көрсетті. Препаратты аурудың орташа формасы бар науқастарға ертерек енгізу аурудың неғұрлым ауыр жағдайға түсуіне және қосымша медициналық араласуды қажет ететін асқынулардың дамуына жол бермейді.
Көрген адамдардың саны: 297

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Кулжанова Ш.А., Аукенов Н.Е., Конкаева М.Е., Смагулова З.К., Тулешова Г.Т., Маукаева С.Б., Бейсенбиева Н.Е., Туребаева Г.О., Нурахметова Г.А., Утегенова А.М. Фавипиравир вирусқа қарсы препаратының COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді кешенді емдеудегі клиникалық тиімділігі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 6-15. doi:10.34689/SH.2021.23.4.001

Авторизируйтесь для отправки комментариев