МЕДИЦИНАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІКТЕРІНІҢ ЖӘНЕ СУИЦИДТІК НИЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өзектілігі: Білім беру жүйесінің жетілдірілмегендігі және медициналық студенттерге психологиялық көмектің жеткіліксіздігі болашақта дәрігерлердің бейімделу қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Одан әрі ықпал ете отырып, мінез-құлық тәуелділіктерінің қалыптасуына және өзіне өзі қол жұмсауы сияқты аса қауіпті аутоагрессивті мінез-құлықтың немесе эмоционалдық бұзылыстардың пайда болуына әкеледі.
Зерттеудің мақсаты: КеАҚ «Семей Медицина университеті» медициналық студенттерінің арасындағы мінез-құлық тәуелділіктерінің және суицидтік ниеттердің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу материалдары және әдістері: Семей Медициналық университетінің 386 медициналық студентіне сауалнама жүргізілді: 242 (62,7%) әйел және 144 (37,3%) ер адам. Зерттеудің негізгі психометриялық әдістері: мінез-құлық және химиялық тәуелділіктерге бейімділікті анықтауға арналған сауалнамалар; мінез-құлық тәуелділіктің 6 түрін анықтауға арналған сауалнамалар: интернет, құмар ойындары, сауда, тамақ, махаббат және жыныстық қатынас; суицидтік ниеттерді анықтауға арналған сауалнама. Статистикалық талдау Фишердің нақты критерийін қолдана отырып жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері: Медициналық студенттердің 25,91%-ы мінез-құлық тәуелділіктің дамуына бейім болғаны анықталды. Олардың ішінде, медициналық студенттердің 58,0%-ында суицид ниеттері болды, әсіресе әйелдер арасында суицид ниеттерінің статистикалық көрсеткіштері басым болды. Интернетке тәуелділіктің жоғары қауіп-қатері ерлер мен әйелдер үшін бірдей болды. Сондай-ақ, әйел жынысы тамақтану мінез-құлық бұзылысы қаупімен байланыста болды.
Қорытынды: Медициналық студенттер, әсіресе әйелдер арасында, мінез-құлық тәуелділіктері және суицидтік ниеттерді қалыптастыруға бейімділікпен байланыстағы жеке тұлғаның сипаттамаларын ерте және уақтылы диагностикалау өте маңызды, медициналық студенттерге психологиялық көмек көрсетудің (отбасындағы, университтетегі психологиялық қолдау) кешенді жоспарларын жасау қажеттілігі туындайды.
Көрген адамдардың саны: 299
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Сексенбаев Н.Ж., Inoue Ken, Молдагалиев Т.М., Сарсембина Ж.Ж., Алтыбаева Г.К., Алмагамбетова А.А., Ермекбаев А.У., Калиева А.А., Noso Yoshihiro, Hashioka Sadayuki, Шалгумбаева Г.М., Чайжунусова Н.Ж., Оспанова Н.Н. Медициналық студенттерде мінез-құлық тәуелділіктерінің және суицидтік ниеттердің қалыптасу ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 138-146. doi 10.34689/SH.2021.23.4.015Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ