Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ
Кіріспе. Көптеген елдер секілді Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) жүйесінде жан басына шаққандағы төлем сызбасын пайдалану өзекті. Оның кеңінен танымалдығына қарамастан, кейбір зерттеулерде алғашқы медициналық қызметтер сапасының төмендеуіндегі рөлі талқыланады. Аталған мәселе әсіресе COVID-19 пандемиясы жағдайында өзекті болып отыр. Аталған зерттеуде авторлар кризистік жағдайдың жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде МСАК мекемелерінің жұмысына қалай әсер етіп жатқанын анықтау үшін МСАК жеткізушілерінің қаржы және әкімшілік есептерін пайдаланып отыр. Тиімділік көрсеткіштері қаржы көрсеткіштерін және сапа көрсеткіштерін құрайды. Мақсаты: COVID-19 пандемиясының Қазақстан Республикасында төлемнің жан басына шаққандағы жүйесінің шеңберінде алғашқы медициналық қызметтерді жеткізушілердің жұмысына әсерін зерттеу. Іздеу стратегиясы: e-Library.ru, CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханада Scopus, Web of Science Core Collection, MedLine, PubMed, Cochrane Library, Google Scholar іздеу жүйелеріндегі ғылыми жұмыстарға іздеу жүргізілді. Іздеу критерийлері әдебиетті іздеу тереңдігі 4 жылды (2018-2021 жж.) қамтыды, ретроспективтік көлденең зерттеу. Зерттеу материалдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Салидат Каирбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының ресми есептері және деректері, түпнұсқа мақалалар, әдебиетке шолулар, мета-талдаулар, ағылшын және орыс тілдерінде нормативтік-құқықтық құжаттар. Сапалық деректер абсолютті сандар және олардың пайыздары түрінде ұсынылған. Нәтижелер және қорытындылар: Әдебиет деректерін талдау зерттелетін кезең Covid-19 пандемиясында төлемнің жан басына шаққандағы жүйесі МСАК жеткізушілерінің ұсынатын қызметтеріне, сонымен қатар мемлекет тарапынан МСАК ақшалай қаражат бөлуге қатысты жеткілікті тиімді болмағанын көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 377

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Мухамедьярова А.Б., Рахыпбеков Т.К., Дюсупова А.А., Турсынбекова А.Е., Фаизова Р.И., Беляева Т.М., Цигенгагель О.П. Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді жан басына шаққандағы қаржыландыруды ұйымдастыруға COVID-19 пандемиясының әсері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 6-12. doi 10.34689/SH.2021.23.5.001

Авторизируйтесь для отправки комментариев