Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID - 19 РЕНТГЕНОГРАММАЛАРЫНДА ӨКПЕ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ АУЫРЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ: ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе: COVID-19 (коронавирус ауруы-2019)— SARS-CoV-2 вирусынан туындаған жұқпалы ауру. ДДҰ мәліметтері бойынша, 2021 жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 228 807 631 жағдай, 4 697 099 өлім расталды. Осыған байланысты, COVID-пневмониясын уақтылы диагностикалау мәселесі өзекті болып қала береді. Диагностиканың «алтын стандарты» компьютерлік томография (КТ) болып табылады. Пандемия жағдайында КТ аппараттарына жүктеме экспоненциалды түрде өсті. Өкпенің зақымдануын рентгенологиялық бағалау үшін балама шешімдерді іздеу керек. Стандартты кеуде рентгенографиясы компьютерлік томографиямен салыстырғанда арзан, науқастың төсегінде оңай қол жетімді және радиацияның төмен әсеріне ие. Мақсаты: PubMed, Google Scholar мәліметтер базасындағы ағылшын тіліндегі мақалаларды зерттеу арқылы COVID-19 пациенттерінің рентгенограммаларында өкпенің зақымдануының ауырлығын бағалаудың әртүрлі әдістеріне талдау жасау. Іздеу стратегиясы: Мақалаларды іріктеу PubMed, Google Scholar электрондық деректер базасында жүргізілді. Барлығы 843 мақала табылды, оның ішінде екі кезеңде іріктеу арқылы шолуға 17 мақала енгізілді. Қосу критерийлері: 1. РБС, когорттық зерттеулер. 2. 2019-2021 жылдар аралығы. 3. Статьи с бесплатным полным текстом. Критерии исключения: описания клинических случаев, исследования серии клинических случаев, систематические обзоры. Нәтижесі: Рентгенограммада өкпенің зақымдануының ауырлығын бағалаудың барлық зерттелген әдістерін тәжірибеде қолдануға болады, өйткені бұл әдістерді қолдану олардың маңыздылығын дәлелдеді. Алайда, медициналық көмектің әр деңгейі үшін әртүрлі авторлар ұсынған белгілі бір әдістерді қолданған дұрыс. Алғашқы медициналық - санитарлық және шұғыл көмек деңгейінде ең көп қолданылатын әдістер: RALE, Tussieet. al., Hyunjoong W. Kim et. al., Британдық торакалды бейнелеу қоғамы ұсынған әдіс Стационарлық жағдайда Brixia, Өзгертілген бағалау жүйесі, «Pennie score», Feng et al. бейімделген әдісі, COS- RADS әдістерін қолданған дұрыс.
Көрген адамдардың саны: 269

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Мадиева М.Р., Букенова А.М., Бектурганов Н.Б., Куанышева А.Г., Рахимбеков А.В. COVID - 19 рентгенограммаларында өкпе зақымдануының ауырлығын бағалау әдістері: әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 13-22. doi 10.34689/SH.2021.23.5.002

Авторизируйтесь для отправки комментариев