Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
В ЖӘНЕ А1 АПОЛИПОПРОТЕИНДЕРІН ҚОЛДАНАТЫН ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА ДИСЛИПИДЕМИЯНЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОМДЫ ТЕКСЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Кіріспе. Зерттеу МС тексеру алгоритміне apoB/apoA1 қатынасын қосу арқылы АГ бар науқастарда МС диагностикасын жақсарту мәселелеріне арналған. Тақырыптың өзектілігі MС және АГ кең таралуына байланысты. АГ бар науқастарда МС (IDF, 2005) дәлелдеу алгоритмін жетілдіру емдеу-профилактикалық шараларды жақсартуға мүмкіндік береді. Жұмыс мақсаты: қазақ популяциясында АГ бар науқастарда aпoB және aпoA1 көмегімен дислипидемияны сипаттап, МС дәлелдеу үшін бағдарлама дайындау. Материалдар мен әдістер. Көлденең зерттеу протоколы Семей мемлекеттік медицина университетінің Этика комитетімен бекітілген (2015). Таңдау екі деңгейлі: 1-кезең – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерін таңдау, 2-ші – қосу критерийлері бойынша науқастарды таңдау. Жалпы холестерин, LDL, HDL, TG, aпoB және aпoA1, глюкозаны зерттеу «Олимп» зертханасында жүргізілді (ISO 15189: 2012). Статистикалық талдау - Stata: Release 15. Категориялық айнымалылар үлестер (%) және сандық үздіксіз айнымалылар - орташа мәндер ретінде есептелді. Сапалық айнымалыларды талдау үшін X2 сынағы немесе Фишердің нақты сынағы пайдаланылды. Зертханалық параметрлердің квартиль арасындағы MС компоненттерінің орташа мәндерін салыстыру –бірфакторлы дисперсиялық анализ. Зертханалық параметрлердің квартилдері бойынша MС компоненттерінің треді X2 желілік трендінің көмегімен есептелді. Липидті профиль мен MС арасындағы байланысты анықтау үшін OR 95% сенім интервалымен көптік логистикалық регрессия модельденді. Ковариаттардың маңыздылығы ықтималдық қатынасы сынағы арқылы бағаланды. Нәтижелер. Қатысушылардың 54,5%-да МС анықталды, арасында 62,8% әйелдер; Таңдамада МС таралуы мен жыныс бойынша бөлінуі жалпы популяцияға ұқсас. Жынысқа қарамастан, абдоминальді семіру және гипергликемия жиі анықталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы деңгейде статистикалық маңызды айырмашылықтар келесі көрсеткіштерде табылды: HDL (p=0,0001), aпoA1 (p=0,0001), aпoB (p=0,0001), aпoB/aпoA1 (p=0,0001). Қазақ популяциясында апoB/aпoA1 қатынасының 0,66 тең деңгейі (сезімталдық 70,1%, спецификалық 57,8%) ықтимал шатастыратын факторларды ескере отырғанда, АГ бар науқастарда МС дәлелдеу нүктесі болып табылатыны анықталды. Қорытындылар: 1. Қатысушылардың 54,5% MС табылды, арасында 62,8% әйелдер; алынған нәтижелер жалпы популяцияның көрсеткіштеріне ұқсас. Зерттелген таңдамда жынысына қарамастан, АГ бар наууқастарда жиі кездесетін MС компоненттері абдоминальды семіру және гипергликемия болды; 2. Қазақ популяциясында АГ бар науқастарда дислипидемияны анықтау және МС дәлелдеу кешенді бағдарламасына клиникалық және зертханалық (TG, HDL, aпoВ, aпoA1, aпoB/aпoA1 қатынасын есептеу) зерттеулер кіреді. АпoB/aпoA1 қатынасыны 0,66 тең немесе артық болғанда, МС-ның басқа критерийлердің болмауына қарамастан, MС расталған болып саналады.
Көрген адамдардың саны: 253

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Кожахметова Д.К., Нуртазина А.У., Даутов Д.Х., Казымов М.С., Адильгожина С.М., Сайдуалиев Д.Н. В және А1 аполипопротеиндерін қолданатын қазақ ұлтының артериялық гипертензиясы бар науқастарда дислипидемияны анықтау және метаболикалық синдромды тексеру бағдарламасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 78-84. doi 10.34689/SH.2021.23.5.009

Авторизируйтесь для отправки комментариев